modern [ˈmɒdn] adj 1. қазіргі заманғы/ кездегі, жаңа (syn: contemporary) ¨the modern industrial world – қазіргі заманғы индустриялық/ өнеркәсіптік әлем ¨Modern European history – қазіргі заманғы Европа тарихы/ Европаның жаңа тарихы ¨modern Greek – жаңа грек тілі ¨Stress is a major problem of modern life. – Стресс/ Торығу - қазіргі өмірдегі басты тауқымет/ проблема. ¨Shakespeare's language can be a problem for modern readers. – Қазіргі заманғы оқырмандар үшін Шекспир тілі қиындық туғызуы мүмкін. ¨modern art/architecture/drama/jazz – қазіргі кездегі/ шақтағы өнер/ сәулет (архитектура)/ драма/ джаз 2. (usually approving) қазіргі заманғы/ кездегі, жаңа, кейінгі (syn: up to date) ¨a modern computer system – қазіргі заманғы компьютер жүйесі ¨modern methods of farming – ауыл шаруашылығындағы тың әдістер ¨the most modern, well-equipped hospital in London – Лондондағы ең жаңа, жақсы жабдықталған емхана 3.тың, жаңа(шыл), соны ¨She has very modern ideas about educating her children. – Балаларын оқыту туралы оның соны/тың ойлары бар.