moment [ˈməʊmənt] n 1.сәт, дем ¨Could you wait a moment, please? – Бәр сәтке/ Сәл күте тұрасың(ыз) ба?/ тұр(ыңыз)шы. ¨One moment, please. – Бір сәтке (ғана). ¨He thought for a moment before replying. – Жауап берместен бұрын ол бір сәтке/ сәл ойланды. ¨I'll be back in a moment. – Лезде/Бір демде ораламын/ қайтамын. ¨We arrived not a moment too soon. – (Біз) кешіктік десе де болады. ¨Moments later, I heard a terrible crash. – Сәлден соң сұмдық соқтығысқан дыбыс естідім. 2. осы кез/ сәт, сол кез/ сәт ¨We're busy at the moment. – Дәл қазір қолымыз бос емес. ¨I agreed in a moment of weakness. – Бір сәт босаңсып кетіп келістім. ¨At that very moment, the phone rang. – Дәл сол уақытта телефон шыр етті. ¨From that moment on, she never felt really well again. – Сол сәттен бастап ол ешбір өзін жақсы сезінген емес. 3.сәт, кез, шақ, уақыт ¨I'm waiting for the right moment to tell him the bad news. – Оған жаман хабарды естірту үшін оңтайлы сәтті күтудемін. ¨That was one of the happiest moments of my life. – Ол өмірімдегі өте бақытты сәттерімнің бірі еді. ¨Have I caught you at a bad moment? – Ыңғайсыз кезде келдім бе? 4. (idm) *(at) any moment (now) тез арада, әне-міне (дегенше) ¨Hurry up! He'll be back any moment now. – Тез бол! Ол енді келіп қалады. *at short notice, at a moment’s notice қысқа уақытта, тез арада, алдын-ала айтпастан ¨This was the best room we could get at such short notice. – Осыншама қысқа уақытта ала алған бөлмеміз осы. ¨You must be ready to leave at a moment's notice. – Кез-келген уақытта кетуге дайын болуға тиіссің. *at this moment in time (informal) енді, қазір ¨At this moment in time, I don't know what my decision will be. – Дәл қазір шешімімнің қандай болатынын білмеймін. *be having a moment (informal) a) аты/ атағы шығу, сәнге ену ¨The previously unfashionable Tyrol is currently having a moment. – Бұрын өзінше жатқан Тиролге енді жұрт қызығуда. ¨Classic '70s hairstyles are having a moment once more. – 70-інші жылдардағы шаш қою үлгілеріне жұрт қайта қызығуда. b) ойы бөлініп кету, көңілі басқа жаққа ауып кету ¨Sorry, I was just having a moment. What time is it? – Ғафу ет, ойым бөлініп кетіпті. Сағат қанша болды? c) (BrE) біреумен оңаша сөз таластырып не өте жылы сөйлесіп тұру ¨Oh, sorry - were you two having a moment? – Ғафу өтінемін – екеуің оңаша сөйлесіп тұр ма едіңдер? *the evil hour/day/moment [қ-з: evil (2)] *for the moment/present әзірге/ қазірге, әзірше/ қазірше, дәл қазір ¨This house is big enough for the moment, but we'll have to move if we have children. – Бұл үй қазірше жетеді, дегенмен балаларымыз болғанда/ болса, басқасына ауысуымыз керек болады. *have its/your moments тәуір/ жақсы/ қызығырақ кездері болу ¨The job isn't exciting all the time, but it has its moments. – Жұмыс ылғи да қызық емес, дегенмен жақсы кездері болады. ¨I found the play rather boring, but it had its moments. – Пьеса жалықтыратындай көрінді, бірақ та қызық тұстары бар. *just a minute/moment/second [қ-з: just (A15)] *the last minute/moment [қ-з: last 1(A5)] *the moment (that)… сөйткен бойда, сөйте сала, дәл сол кезде/ сәтте ¨I want to see him the moment he arrives. – Ол келген бойда оны көргім келеді. ¨The moment she walked through the door I thought she looked different. – Ол есіктен кірген сәтте маған басқаша көрінді. *the moment of truth сын сағаты, сыналатын уақыт, маңызды шешім шығаратын кез ¨The moment of truth is when the trainee pilots take over the controls of the plane. – Шәкірт ұшқыштардың ұшақ штурвалына отыратын кез – сын сағаты. *not for a/one moment мүлде, тіпті де ¨I have not for a moment suggested that you should leave. – Мен сен кетсін деп мүлде ойлаған/ ниет білдірген жоқ(пын). *of moment өте маңызды ¨matters of great moment – өте маңызды мәселелер *of the moment қазіргі/ ендігі кездегі әйгілі, атақты, жұрт көп айтқан ¨She's the fashion designer of the moment. – Ол - қазіргі кездегі ең әйгілі сән дизайнері. *on the spur of the moment дереу, шұғыл ¨I phoned him up on the spur of the moment. – Мен оған дереу/ шұғыл телефон шалдым. ¨a spur-of-the-moment decision – шұғыл қабылданған шешім *the psychological moment дер кезі, істің ыңғайы ¨The trick is in finding the (right) psychological moment to ask him for more money. – Мәселе одан көбірек ақша сұраудың ыңғайлы уақтын табу болып тұр. *wait a minute/moment/second a) сәл күту/ кідіру ¨Can you wait a second while I make a call? – Телефон шалғанымша сәл күте тұрасың(ыз) ба? b) тоқта; бәсе (бірнәрсені кенет есіне түсіргенде не аяқ астынан бір ой келгенде қолд) ¨Wait a minute - this isn't the right key. – Тұра тұр – бұл дұрыс кілт емес.