monarchy [ˈmɒnəki] n (pl -ies) 1. the monarchy монархия (сұлтан, король басқаратын үкімет жүйесі) ¨plans to abolish the monarchy – монархияны жою жоспары ¨rebels trying to overthrow the absolute monarchy – абсолют(тік) монархияны құлатпақшы көтерілісшілер ¨the arguments for abolishing the monarchy – монархияны жоюға қатысты пікірталас 2. монархия (билеушісі сұлтан, король ел) ¨There are several constitutional monarchies in Europe. – Европада бірнеше конституциялық монархия бар. 3. the monarchy монархия (сұлтан, король және оның жақын туыстары)