money [ˈmʌni] n 1.ақша ¨borrow/save/spend/earn money – ақша(ны) қарызға алу/ үнемдеу/ жұмсау/ табу ¨How much money is there in my account? – Менің шотымда (счетымда) қанша ақша бар? ¨The money is much better in my new job. – Қазіргі жұмысымдағы ақшам (табысым) көп/ әлдеқайда жақсы. ¨If the item is not satisfactory, you will get your money back. – Зат көңілден шықпаса/ ұнамаса ақшаң(ыз)ды қайтып аласың(ыз). ¨We'll need to raise more money next year. – Келесі жылы көбірек ақша жиюымыз/ табуымыз керек. ¨Can you lend me some money until tomorrow? – Ертеңге дейін маған ақша бере тұрасың ба? ¨Be careful with that - it cost a lot of money. – Байқа – бұл өте қымбат (нәрсе). ¨I counted the money carefully. – Ақшаны мұқият санадым. ¨Where can I change my money into dollars? – Ақшамды долларға қай жерде айырбастасам екен? 2. ақша, байлық, дәулет ¨He lost all his money. – Ол барлық байлығынан/ дәулетінен айырылды. ¨The family made their money in the 18th century. – Бұл әулет XVIII ғасырда байыды. 3. ~s, monies (law or old use) ақша, ақша сомасы/ мөлшері ¨a statement of all monies paid into your account – біреудің банк счетына түскен барлық ақша туралы мәлімет 4. (idm) *be coining it (in), be coining money (BrE, informal) тез байып кету, ақшаға тез кенелу (syn: rake in smth) *be in the money (informal) ақшасы көп болу *be rolling in money/it (informal) ақшасы көп болу *the best that money can buy ең жақсысы ¨We make sure our clients get the best that money can buy. – Клиенттеріміздің (заттың, қызметтің) ең жақсысына қол жеткізгеніне көңіл бөлеміз. *careful with money ақшаға үнемді/ ұқыпты ¨His mother had always been careful with money. – Оның анасы ақшаға қашан да ұқыпты еді. *easy money «жеңіл» ақша/ табыс (қиналмай тапқан ақша) *expense, money, etc. is no object шығынды, ақшаны елемейді ¨He always travels first class - expense is no object. – Ол ылғи да бірінші класпен сапарлайды – шығынға бас қатырмайды. *a fool and his money are soon parted (saying) «ақымақта қаша ұзақ тұрақтамайды», ақымақ адам ақшаны қалай болса солай жұмсайды не алданып тынады *for my money (informal) пікірімше ¨For my money, he's one of the greatest comedians of all time. – Менің пікірімше, ол барлық замандағы ең әйгілі комендиант/ күлдіргі актер. *get your money’s worth жұмсаған/ төлеген ақшаға сай қызығын/ пайдасын көру ¨Let’s spend all day there and really get our money’s worth. – Күні бойы сонда өткізіп, жұмсаған ақшамыздың пайдасын көрелік. *give smb a (good) run for their money (ойында, жарыста) қарсыласқа көп күш жұмсату, әбігерге салу, мықшыңдату *good money көп ақша; бейнеттеніп тапқан ақша ¨Thousands of people paid good money to watch the band perform. – Музыкалық топтың өнерін тамашалау үшін мыңдаған адам көп ақша төледі. ¨Don't waste good money on that! – Ол нәрсе үшін көп ақша жаратпа! *have money to burn «отқа жағатын ақшасы болу», ақшасы асып тасу (тым көп болу) *in old money (BrE, informal) ескіше өлшегенде, есептегенде ¨The fish measured 29 centimetres (that's a foot in old money). – Балық 29 см болды (бұл дегеніміз ескіше бір фут). *it/money doesn’t grow on trees (saying) «ақша ағашта өспейді» (ақша табу қиын, оған ұқыпты болу керек) *a licence to print money (disapproving) «ақша басуға берілген лицензия» (қиналмай-ақ көп ақша табатын кәсіп туралы айтқанда қолд) *made of money (informal) өте/ шылқыған бай ¨I’m not made of money, you know! – Менің бай емес екендігімді білесің ғой! *make/lose money hand over fist көп ақшаға тез кенелу/ көп ақшадан тез айырылу *make money көп ақша табу, ақшаға кенелу; табыс табу ¨The movie should make money. – Бұл фильмнен табыс жақсы түсуі керек. ¨There's money to be made from tourism. – Туризмнен ақша көп түседі. *marry money бай адамға үйлену, бай адаммен тұрмыс құру *money for jam/old rope (BrE, informal) жеңіл жұмыстан көп ақша табу ¨The job only took about an hour - it was money for old rope. – Жұмыс бір сағаттың ішінде бітті – жеңіл жұмысқа жақсы ақша түсті. *money is no object ақша (көп болғандықтан) мәселе/ проблема емес ¨She travels around the world as if money is no object. – Ол ақшасы көп адамдай дүние жүзін шарлайды. *money talks (saying) «ақша сөйлейді», бай адамның шамасы көп нәрсеге жетеді *not for love or/nor money істеу, тсс мүлде мүмкін емес ¨We couldn't find a taxi for love nor money. – Мүлде такси таба алмадық. *on the money тура, қатесіз; мұқият, ұқыпты ¨His prediction was right on the money. – Оның болжамы/ долбары тура келді. *pay good money for smth бірнәрсе үшін көп ақша төлеу ¨I paid good money for this jacket, and now look at it - it's ruined! – Мына жакет үшін ақшаны үйіп төлеп едім, қара енді – құрыпты! *pots of money (BrE, informal) өте көп ақша *put money into smth ақша инвестициялау/ құю ¨We would welcome interest from anyone prepared to put money into the club. – Клубқа ақша құйғысы/ инвестициялағысы келген кез-келген адамға жылы шырай білдіреміз. *put your money on smb/smth a) (белгілі бір ат, ит, тсс ұтады деп) бәс тігу b) бірнәрсенің шын екеніне не біреудің табысқа жететініне өте сенімді болу ¨He'll be there tonight. I'd put money on it. – Бүгін кезке ол сонда болады. Бәс тігуге дайынмын/ Солай болатынына шүбәсізбін. *put your money where your mouth is (informal) айтқаныңды ісіңмен дәлелдеу; өз ісіңмен ойыңды/ ниетіңді таныту *see the colour of smb’s money (informal) біреудің төлей алатынына көз жеткізу ¨You need to see the colour of his money before you sell him the car. – Машинаны сатпас бұрын оның ақшасы бар екен(діг)іне көз жеткіз. *throw good money after bad (disapproving) ақшаның жұмсағанның үстіне жұмсау, бір рет бірнәрсе үшін көп төлеп, сосын тағы да төлеу *throw your money about/around (informal) ақша шашу, қалай болса солай жұмсау *throw money at smth (disapproving) «бірнәрсеге ақша шашу» (мәселені басқалай шешу жағын ойламай, көп ақша жұмсау) ¨It is inappropriate simply to throw money at these problems. – Бұл мәселелер үшін құры ақша шаша беру жөн/ дұрыс емес. *time is money (saying) уақыт (дегеніміз) – ақша (уақытты құры кетіруге болмайды) *you pays your money and you takes your choice (informal, especially BrE) не таңдасаң да бәрібір; қалай шешсең де өзің білесің