month [mʌnθ] n 1.ай (бір жылдағы он екі айдың бірі) ¨the month of August – тамыз айы ¨We're moving house next month. – Келесі айда көшеміз. ¨She earns $1 000 a month. – Ол айына $1 000 табады. ¨The rent is £300 per month. – Аренда құны айына £300. ¨Prices continue to rise month after month. – Бағалар айма(м)-ай/ айдан айға өсуде. ¨Her anxiety mounted month by month. – Оның уайымы айдан айға ұлғая түсті. 2.ай (отыз күн) ¨The baby is three months old. – Сәби - үш айлық/ үш айда. ¨a three-month-old baby – үш айлық сәби ¨They lived in Toronto during their first few months of marriage. – Үйленгеннен соң бірнеше ай олар Торонтода тұрды. ¨several months later – бірнеше айдан соң ¨a six-month contract – алты айлық контракт ¨a month-long strike – бір айлық ереуіл ¨He visits Paris once or twice a month. – Ол Парижге бір айда бір не екі рет барады. 3. ~s айлар, ұзақ уақыт, бірнеше ай ¨He had to wait for months for the visas to come through. – Ол визаларды айлап күтті. ¨It will be months before we get the results. – Қорытындыны алғанша бірнеше ай кетеді. 4. (idm) *flavour of the month [қ-з: flavour (A6)] *in a month of Sundays (informal) бірнәрсе ешқашан болмайды ¨You won't find it, not in a month of Sundays. – Оны (о затты) таппайсың, ешқашан.