monument [ˈmɒnjumənt] n 1. ~ (to smb/smth) монумент (атақты кісіні не әйгілі оқиғаны есте қалдыру үшін тұрғызылған ғимарат, колонна, ескерткіш, тсс) ¨A monument to him was erected in St Paul's Cathedral. – Әулие Павел кафедралды соборында оған арнап монумент орнатылды. 2. монумент, тарихи жәдігер (тарихи маңызы бар үй-жай не орын) ¨an ancient monument – ежелгі тарихи жәдігер 3. ~ to smth жәдігер, естелік, ескерткіш ¨These recordings are a monument to his talent as a pianist. – Бұл (аудио)таспалар - ол сияқты дарынды пианистен қалған жәдігер.