mood [muːd] n 1. көңіл күйі, көңіл-күй, көңіл, күй, рай ¨She's in a good mood today. – Бүгін оның көңіл-күйі жақсы/ Бүгін ол жайдары. ¨He's always in a bad mood. – Оның көңіл күйі ылғи да бұзылып жүреді. ¨to be in a foul/filthy mood – құлазып жүру/ сіркесі су көтермеу ¨Some addicts suffer violent mood swings if deprived of the drug. – Кейбір наркомандар/ нашақорлар есірткі ішпесе алай-түлей болып кетуі мүмкін. ¨Wait until he’s in a better mood before you ask him. – Одан сұрамастан бұрын оның көңілінің жайланғанын күт. ¨I'm just not in the mood for a party tonight. – Бүгін кешке сауық-кешке баратындай күйім жоқ. ¨I'm not really in the mood to go out tonight. – Бүгін кешке тысқа шығуға зауқым болмай тұр. ¨Let’s not talk about it now. I’m not in the mood. – Қазір бұл жайлы айтпай-ақ қояйық(шы). Бейжай болып тұрмын/ Зауқым жоқ. ¨He was in no mood for being polite to visitors. – Ол келушілерге сыпайы болатындай күйде емес еді. 2. ширыққандық, бұзылған, алабұртқан көңіл-күй ¨I wonder why he's in such a mood today. – Бүгін оның көңілі неге бұлай бұзылды екен. ¨She was in one of her moods. – Ол тағы да ширығып тұр еді. 3. күй, жай-күй, жай, жағдай, хал ¨The mood of the meeting was distinctly pessimistic. – Жиналыстағылардың ұнжырғасы түсіп түрды. ¨The movie captures the mood of the interwar years perfectly. – Фильм екі (дүниежүзілік) соғыс арасындағы жай-күйді/ халді шебер берген/ көрсеткен. 4. (grammar) рай (м.: indicative mood – ашық рай, imperative mood – бұйрық рай, subjunctive mood – шартты рай)