moody [ˈmuːdi] adj (moodier, moodiest) 1.құбылма, құбылғыш, айныма, айнығыш, толқыма, толқығыш (көңіл-күй) ¨Moody people are very difficult to deal with. – Құбылма адамдармен істесу қиын. ¨She’s a bit moody and never the same two days in a row. – Ол аздап құбылма және екі күн қатарынан ешқашан бір күйде жүрмейді. ¨Teenagers tend to get a bad name for being moody, rude and irresponsible. – Жасөспірімдер құбылмалығы, кіжінбелігі (оталмалығы) және жауапсыздығы үшін жаманатты болуға бейім. 2.кіжінбе, кіжінгіш, ашуланшақ, ызақор (syn: grumpy) ¨Why are you so moody today? – Бүгін неғып ширығып тұрсың? 3.жабырқау, көңілсіз