moral [ˈmɒrəl] A.adj 1. моральдық, мораль(ға қатысты), ар, ар-ұят, ар-ождан, аһлақ ¨a moral issue/dilemma/question – моральдық/ аһлақи мәселе/ дилемма/ сұрақ, ар мәселесі/ ар саудаға салынатын мәселе/ ар-ұят сұрағы ¨traditional moral values – кәдімгі/ дәстүрлі моральдық құндылықтар/ ар-ождан түсініктері ¨a decline in moral standards – ар-ождан/ мораль стандарттарының/ деңгейінің құлдырауы ¨moral philosophy – моральдық философия ¨a deeply religious man with a highly developed moral sense – ардан аттамайтын дін жолындағы тақуа адам ¨The newspapers were full of moral outrage at the weakness of other countries. – Газеттер басқа елдердің қорғансыздығын ашына айтып шу көтеруі. 2.моральдық, ар-ұят, ар-ождан, намыс, ар-намыс, әдеп (syn: ethical) ¨moral responsibility/duty – моральдық жауапкершілік/ міндет, ар-ұят жауапкершілігі/ міндеті ¨Governments have at least a moral obligation to answer these questions. – Үкіметтердің осы сұрақтар үшін ең болмаса моральдық/ ар-ождан жауапкершіліктері бар/ Үкіметтерді осы сұрақтарға жауап беруге қайткенде де ар-намыстары міндеттейді. ¨The job was to call on all her diplomatic skills and moral courage. – Оның барлық дипломатиялық шеберлігі мен ар-намысқа сүйенген ерік-жігерін бері қарату міндет болды. 3. абыройлы, абұйырлы, әбиірлі, сыйлы (syn: good, honourable) ¨He led a very moral life. – Ол сыйлы болып өтті/ абыройлы өмір кешті. ¨a very moral person – өте сыйлы/ абұйырлы кісі 4.оң мен солды, дұрыс пен қатені ажырата алатын, әдепті ¨Children are not naturally moral beings. – Балалар әдепті оқып тумайды/ Әдептілік - балалардың іштен туа біткен қасиеті емес. 5. (idm) *take, claim, seize, etc. the moral high ground абыройы асқақтау, сыйлы болу, мерейлі болу, мерейі үстем болу, моральдық жағынан басым болу, қадірлі болу ¨These countries lost/ceded the moral high ground when they entered the war to protect their economic interests. – Өздерінің экономикалық мүдделерін/ пайдаларын ойлап соғысқа кіріскенде бұл елдер қадірін жоғалтты. B.n 1. ~s мораль, ождан, ар-ождан, ар-ұят, ар, абырой, әдеп, сый, қадір, ардақ, намыс, ар-намыс ¨Young people these days have no morals. – Қазіргі жастарда ар-намыс жоқ. ¨The play was considered an affront to public morals. – Пьеса қоғамдық моральді қадірлемеушілік деп танылды. ¨The question is one of manners rather than morals. – Бұл мәселе моральден гөрі сыпайылық/ ибалық мәселесі. ¨(old-fashioned) a woman of loose morals – ардан аттаған/ жеңіл жүрісті әйел 2.мысал, сабақ, ғибрат, өнеге, тәлім, тағлым, үлгі ¨And the moral is that crime doesn't pay. – Бұндағы тағлым – қылмыстан опа таппайсың/ қылмыс опа әпермейді.