morbid [ˈmɔːbɪd] adj 1.түршіге/ шамырқана/ біртүрлі қызығатын, жайсыз не көңілсіз нәрселерге қызығатын ¨He had a morbid fascination with blood. – Ол қанға түршіге/ біртүрлі қызығатын. ¨‘He might even die.’ ‘Don't be so morbid.’ – «Оның өліп кетуі де мүмкін». «Қайдағы жоқты айтпашы». ¨She watched with morbid curiosity. – Ол түршіксе де/ біртүрлі қызыға қарады. ¨My mind was filled with morbid thoughts of death. – Миыма өлім туралы біртүрлі ойлар толып кетті. ¨I found the whole subject very morbid and unpleasant. – Әңгіме бастан аяқ денемді түршіктірді. 2. (medical) ауруға қатысты