more [mɔː(r)] A.det, pron 1.көбірек, артық ~ (smth/of smth) (than…) ¨more bread/cars – көбірек нан/ машина ¨Only two more days to go! – Екі күн ғана қалды! ¨people with more money than sense – сезімнен гөрі ақшасы көбірек адамдар ¨I can't stand much more of this. – Бұған бұдан артық шыдай алмаймын. ¨She earns a lot more than I do. – Ол менен гөрі/ маған қарағанда әлдеқайда көп (табыс) табады. ¨There is room for no more than three cars. – Бұнда үш машинадан басқаға орын жоқ/ үш машина ғана сыяды. ¨I hope we'll see more of you. – Сізді жиірек көретін боламыз деп үміттенемін. 2. (idm) *more and more көбейе/ ұлғая түсуде ¨More and more people are using the Internet. – Интернетті қолданатындардың саны көбейе түсуде. ¨She spends more and more time alone in her room. – Оның өз бөлмесінде жалғыз қалатыны көбейіп барады. B.adv 1. (біреуден, тсс) көбірек, көп ¨She was far more intelligent than her sister. – Ол әпкесіне/ сіңлісіне қарағанда әлдеқайда зерек/ ақылды еді. ¨He read the letter more carefully the second time. – Екінші қайтара хатты әжептәуір зер сала оқыды. 2. әлдеқайда, көбірек, көп ¨I like her more than her husband. – Күйеуіне қарағанда оны көп жақсы көремін. ¨a course for more advanced students – көп ілгерілеген студенттерге арналған курс ¨It had more the appearance of a deliberate crime than of an accident. – Бұл жай оқиғадан гөрі әдейі жасалған қылмысқа көп ұқсап тұрды. ¨Could you repeat that once more? – Тағы бір рет қайталаңызшы/ қайталайсыз ба? ¨I had no complaints and no more did Tom. – Менің де, Томның да ешбір шағымы болмады. ¨Signing the forms is little more than a formality. – Бұл формаларға/ анкеталарға қол қою – әшейін формализм. ¨I'm more than happy to take you there in my car. – Мен сені/ сізді ол жерге көлігіммен қуана-қуана апарамын. ¨She was more than a little shaken by the experience. – Уақиға оны түршіктіріп тастады. ¨(formal) I will torment you no more. – Бұдан артық сені/ сізді қинамаймын. 3. (idm) *more and more көбейе/ ұлғая түскен (syn: increasingly) ¨I was becoming more and more irritated by his behaviour. – Оның мінез-құлқы жүйкеме тигеннің үстіне тие берді. *the more, less, etc…, the more, less, etc… қаншама/ қаншалықты болса, тсс ..... соншалықты/ соншама .... ¨The more she thought about it, the more depressed she became. – Бұл жайлы көбірек ойлаған сайын торыға түсті. ¨The less said about the whole thing, the happier I'll be. – Бұл жайлы қаншама аз айтылса, соншалықты көңлім көншиді. *more or less a) жуық, (сондай) дерлік ¨I've more or less finished the book. – Кітапты бітіріп қалдым. b) шамамен, жуық ¨She could earn $200 a night, more or less. – Ол әр түні $200 таба алатын, осы шамалас. *what is more оның үстіне, сондай-ақ, соған қоса, және (де) ¨You're wrong, and what's more you know it! – Қателесіп тұрсың және де бұны білесің!