mortal [ˈmɔːtl] A.adj 1. (әйтеуір бір) өлетін, ажалды, өзекті (жанға бір өлім) (opp: immortal) ¨We are all mortal. – Бәріміздің де күніміз өлшеулі/ Өзекті жанға бір өлім. 2. өлімші, ажалды, өлімге душар ететін; өте ауыр ¨a mortal blow/wound – өлімші соққы/ жарақат ¨to be in mortal danger – ауыр қатерге душар болу ¨(figurative) Her reputation suffered a mortal blow as a result of the scandal. – Даудың кесірінен оның беделіне оңбай нұқсан келді. 3. (literary) (formal) бітіспес, қас, табыспас (syn: deadly) ¨mortal enemies – бітіспес/ қас жаулар ¨They were locked in mortal combat. – Олар қиян-кескі шайқасып жатты. 4. (formal) сұмдық, өлердей (қорқыныш, үрей) ¨We lived in mortal dread of him discovering our secret. – Ол біздің құпиямызды біліп қояр ма екен деп өлердей қорқып жүрдік. B.n (often humorous) пенде, жан, кісі (syn: human being) ¨old stories about gods and mortals – құдайлар мен пенделер жайлы көне аңыздар ¨(humorous) Such things are not for mere mortals like ourselves. – Бұндай нәрселер біз сияқты қарапайым пенделер үшін емес. ¨(humorous) She can deal with complicated numbers in her head, but we lesser mortals need calculators! – Ол күрделі сандарды басына сыйғыза алады, алайда біз сияқты қарапайым пенделерге калькулятор керек! ¨(humorous) a holiday resort that caters for royalty as well as for ordinary mortals – корольдік отбасы мен қарапайым пенделерді қабылдайтын санаторий/ шипажай ¨(humorous) a resort for celebrities as well as lesser mortals – «жұлдыздар» мен қарапайым жандарға арналған санаторий