move [muːv] A.v 1.қозға(лт)у, қозғалу, жылж(ыт)у, сырғ(ыт)у ¨Don't move - stay perfectly still. – Қозғалма – тып-тыныш тұр(ыңыз). ¨The bus was already moving when I jumped onto it. – Секіріп мінгенімде автобус қозғалып бара жатқан болатын. ¨He could hear someone moving around in the room above. – Ол жоғарыдағы бөлмеде біреудің ары-бері жүргенін естіді. ¨Phil moved towards the window. – Фил терезеге қарай жылжыды/ қозғалды. ¨You can hardly move in this pub on Saturdays. – Сенбі күндері бұл пабқа жұрт лықа толады. ¨You can't move for books in her room. – Оның кітап толы бөлмесінде аттай алмайсың. ¨~ smth I can't move my fingers. – Саусақтарымды қозғалта алмаймын. ¨~ smth We moved our chairs a little nearer. – Креслоларымызды жақынырақ жылжыттық. 2.өзгер(т)у, жылж(ыт)у (syn: shift) ¨The government has not moved on this issue. – Үкімет осы мәселеде пікірін өзгертпеді. ¨~ smth Let's move the meeting to Wednesday. – Кездесуді сәрсенбіге жылжытайық. 3. ~ (on/ahead) ілгерілеу, жылжу, сырғ(ыт)у (syn: progress) ¨Time is moving on. – Уақыт сырғуда. ¨Share prices moved ahead today. – Бүгін акция бағалары өсті/ алға жылжыды. ¨Things are not moving as fast as we hoped. – Істер біз ойлағандай ілгерілемеуде. 4.шара қолдану, әрекет ету (syn: act) ¨The governor has yet to move on any of the recommendations in the report. – Губернатор баяндамадағы ұсыныстар бойынша әлі шара қолданбады. ¨You’ll have to move fast if you want to get a place on the course. – Курстан орын алғың келсе, тезірек қимылдауың керек. 5. көшу, орын ауыстыру, ауысу ¨We don't like it here so we've decided to move. – Бұл жер ұнамағандықтан, көшетін болдық. ¨~ (from…) (to…) The company's moving to Scotland. – Компания Шотландияға көшуде. ¨~ away She's been all on her own since her daughter moved away. – Қызы кеткелі бері ол өзі ғана болды. ¨~ house (BrE) We moved house last week. – Өткен аптада басқа үйге көштік. 6. ~ smb (from…) (to…) (біреуді) жылжыту, ауыстыру, қозғау (syn: transfer) ¨I'm being moved to the New York office. – Мені Нью-Йорктегі офиске ауыстыруда. 7. (шахмат, дойбы, тсс ойындарында) жүру ¨It's your turn to move. – Жүріс – сенікі/ сіздікі. ¨~ smth She moved her queen. – Ол ферзбен жүрді. 8. көңіл(ді) толқыту, толқу, көңілі босау ¨~ smb We were deeply moved by her plight. – Оның аянышты халін көріп көңіліміз босады. ¨~ smb to smth Grown men were moved to tears at the horrific scenes. – Сұмдық/ Шошытатын көрініске қарап үлкен кісілердің көңілі босады. 9. (formal) (біреуге бірнәрсе) істету (syn: prompt) ¨~ smb to do smth She felt moved to address the crowd. – Ол өзін жиылған жұртқа сөйлеуге міндетті сезінді. ¨~ smb He works when the spirit moves him. – Ол шабыты келгенде жұмыс істейді. 10. (formal) ұсыну, ұсыныс жасау (syn: put smth forward) ¨~ smth The Opposition moved an amendment to the Bill. – Оппозиция заңға өзгеріс ұсынды. ¨~ that… I move that a vote be taken on this. – Осы мәселені дауысқа салуды ұсынамын. 11. (idm) *get your ass in gear, move your ass (slang, especially NAmE) «көтіңді қозға/ жылжыт» (біреуге тез бол деп анайылықпен айту) ¨If you get your ass in gear, we can make it out of here tonight. – Құйрығыңды тез қимылдатсаң, бүгін бұл жерден кете аламыз. *get moving (informal) тез қимылдау ¨It's late - we'd better get moving. – Кеш болды – тезірек қимылдалық. *get smth moving (informal) істі қолға алу, іспен айналысу ¨The new director has really got things moving. – Жаңа директор шаруаны шынымен де қолға ала бастады. *going/ moving forward (formal or business) алдағы кезеңге/ -де, болашақта, бұдан былай ¨We have a very solid financial position going forward. – Алдағы кезеңге қаржылық ахуалымыз өте мықты. ¨The strategy going forward is still undecided. – Келешек стратегия әлі анықталмады. ¨Moving forward, we need to have a real plan. – Алдағы кезеңге нақты жоспарымыз болуы керек. *move heaven and earth (бірнәрсеге қол жеткізу үшін) қолдан келгеннің бәрін істеу *move with the times уақытпен бірге алға жылжу, замана көшімен ілесу ¨Many complained that the Royal Family had failed to move with the times. – Көптеген адамдар корольдік үйелмен замана көшінен кейін қалған деп шағымданды. 12. (phr v) *move along (басқа адамдарды сыйғызу үшін) ойысу, жылжу, қозғалу ¨The bus driver asked them to move along. – Автобус жүргізушісі олардан әрірек жылжуын өтінді. *move in | move into smth көшіп келу, жаңа қонысқа келу (opp: move out) ¨Our new neighbours moved in yesterday. – Жаңа көршілеріміз кеше көшіп келді. *move in smth белгілі бір әлеуметтік топта өмір сүру, тсс ¨She only moves in the best circles. – Ол ең мықты орталарда ғана жүреді/ ең мықты кісілермен ғана араласады. *move in (on smb/smth) жан-жақтан анталау, жабылу ¨The police moved in on the terrorists. – Полиция террористерді қоршауға алды. *move in with smb біреу(лер)ге барып тұру, барып біреу(лер)мен тұру *move off (көліктер ж) жылжи бастау, кету ¨The signal was given and the procession moved off. – Сигнал берілгенде керуен/ көліктер тізбегі жылжи бастады. *move on (to smth) жылжу, жаңа іспен шұғылдана бастау я айналысуды қарастыру ¨I've been in this job long enough - it's time I moved on. – Мына жұмыста біраз отырдым – жылжитын уақыт болып қалды. ¨Can we move on to the next item on the agenda? – Күн тәртібіндегі келесі сұраққа көшсек қалай болады? *move smb on (полиция, тсс ж) біреуді оқиға орнынан ысыру, алыстату *move out көшіп кету, жаңа қонысқа кету (opp: move in) *move over (also move up) (біреуді сыйдыру үшін) әрі жылжу, қозғалу ¨There's room for another one if you move up a bit. – Сіз сәл жылжысаңыз, тағы бір кісілік орын бар. B.n 1. ~ (towards/to smth) | ~ (to do smth) қимыл, әрекет, шара ¨This latest move by the government has aroused fierce opposition. – Үкіметтің кейінгі шарасына өршеленген қарсылық болды. ¨The management have made no move to settle the strike. – Басқарма ереуілді реттеу үшін ешбір қимылдамады. ¨Getting a job in marketing was a good career move. – Маркетиң саласында жұмысқа тұру қызметтің өсуі үшін жақсы қадам болды. 2. қозғалыс, қимыл, қозғалу, жылжу ¨Don't make a move! – Қозғалма! ¨Every move was painful. – Әрбір қозғалыс ауыртты. ¨She felt he was watching her every move. – Өзінің әр қимылын оның бағып тұрғанын сезді. 3. ~ to/away from smth өзгеріс, ойысу (syn: shift, trend) ¨There has been a move away from nuclear energy. – Атом энергетикасына қырын қарай бастады. ¨The effects of the move back to written examinations are not known. – Жазбаша емтиханға кері ойысудың нәтижелері белгісіз. 4. көшу, жылжу, ойысу, ауысу ¨What's the date of your move? – Қашан ауысасың/ жылжисың? ¨Their move from Italy to the US has not been a success. – Олардың Италиядан АҚШ-қа ойысуы табысты болмады. ¨Her new job is just a sideways move. – Оның жаңа жұмысы бұрынғысындай. ¨He’s performed well since his move from Manchester United to Liverpool. – Ол Манчестер Юниайтедтен Ливерпулға ауысқалы бері жақсы ойнады. 5. (шахмат, дойбы, тсс ойындарында) жүру, жүріс ¨The game was over in only six s. – Ойын алты жүрістен соң-ақ бітті. ¨It's your move. – Жүріс сенікі/ сіздікі. 6. (idm) *be on the move a) әрі-бері сапарлау b) қозғалыста болу; бір жерге бара жату; көшіп жату ¨The car was already on the move. – Машина қозғалып бара жатқан еді. ¨The firm is on the move to larger offices. – Фирма үлкенірек кеңселерге/ офистерге көшіп жатыр. c) = be on the go [қ-з: go (B4)] *get a move on (informal) жылдамдат(ыңыз), жылдам(ырақ), тез(ірек) (біреуді асықтырғанда айтылады) *make the first move қадамды бірінші жасау (бірнәрсені бастау я керісті тыю үшін бірінші илігу, әрекет ету) ¨If he wants to see me, he should make the first move. – Мені көргісі келсе, өзі бірдеңе қылсын. *make a move (BrE, informal) (бірн-ні) бастау ¨It's getting late - we'd better make a move. – Кеш болып қалды – жылжығанымыз дұрыс болар. *make a, your, etc. move қимылдау, әрекет ету ¨The rebels waited until nightfall before they made their move. – Жылжымас бұрын көтерілісшілер қараңғы түскенше күтті. *make a move on smb (informal) a) біреуге қырындау, ойнас, көңілдес болуға тырысу b) (sport) озбақ болу, озып кетуге тырысу