muck [mʌk] A.n 1. тезек, қи, көң, бопыр (synmanure) ¨to spread muck on the fields – егістікке қи жаю/ төгу ¨The tractors are out spreading muck. – Тракторлар қи шашып жүр. 2. (informalespecially BrE) кір, лас, былғаныш, балшық ¨Can you wipe the muck off the windows? – Терезедегі ласты сүртіп тастайсың ба? ¨My face and hands were covered in muck. – Бетім мен қолдарым (сатала-)сатпақ болды. ¨(ауысп. мағ.) I can't eat this muck! – Мынау бір қойыртпақты жей алмаймын! 3. (idm) *where there’s muck there’s brass (BrEsaying) «тезек бар жерде ақша бар», лас кәсіптен де пайда табуға болады B.v (phr v) *muck about/ around (BrEinformal) шолжаңдау, қылжақтау, тентектік жасау (synmess around) ¨I spent most of my time at school mucking about and getting into trouble. – Мектепте көбінесе тентектік жасап, пәлеге ұрынып жүрдім. *muck smb about/ around (BrEinformal) біреуді әбігерге салу, әлек қылу (synmess smb about/ around) ¨They've really mucked us about over our car insurance. – Машинамыздың сақтандыруына (страхованиесіне) қатысты олар бізді әлек қылды. *muck about/ around with smth (BrEinformaldisapproving) (жөнсіз) шұқыла(н)у, шұқығыштау, тиіскілеу, тиісу, түрткілеу (synmess around with smth) ¨Who's mucking around with my radio? – Радиома кім тиіскен? *muck in (BrEinformal) a) бірлесе жұмыс істеу ¨If we all muck in, we could have the job finished by the end of the week. – Бәріміз жабылсақ, жұмысты аптаның аяғына қарай бітіріп қаламыз. b) тамақты, жатын орынды бөлісу ¨We didn't have much money, but everyone just mucked in together. – Ақшамыз көп емес еді, бірақ бәріміз бірігіп бірнәрсе құрадық. *muck out muck smth out қора, үйшік тазалау ¨Part of her job was to muck out the stables. – Оның жұмысының бір бөлігі ат қора тазалау еді. *muck smth up (informalespecially BrE) a) істі бүлдіру/ құрту, сәтсіз болу, омақасу (synmess up) ¨He completely mucked up his English exam. – Ол ағылшыншадан емтиханын мүлде бүлдірді. b) жоспарды, шаруаны бүлдіру (synmess up) c) былғау, ластау, сатпақтау ¨I don't want you mucking up my nice clean floor. – Әдемі таза еденімді сатпақтағаныңды қаламаймын.