muddle [ˈmʌdl] A.v (especially BrE) 1.шатыстыру, ретін бұзу, бытыстыру ¨~ smth Don't do that - you're muddling my papers. – Өйтпе – қағаздарымды шатыстырып жатсың. ¨~ smth up Their letters were all muddled up together in a drawer. – Олардың хаттарының барлығы тартпада бір жерде бытысып жатты. 2. ~ smb (up) (біреуді) шатыстыру, жаңылдыру, әбігерлеу, састыру ¨Slow down a little - you're muddling me. – Асықпашы – мені шатастырып жатырсың. 3. ~ smb/ smth (up) | ~ A (up) with B шатыстыру, бытыстыру, ретін бұзу; жаңылдыру, састыру (synmix smth up) ¨I muddled the dates and arrived a week early. – Күндерді шатастырып, бір апта ерте келдім. ¨He got all muddled up about what went where. – Ол ненің қайда кеткенін шатыстырып алды. ¨They look so alike, I always get them muddled up. – Олар сондай ұқсас, ылғи шатастырамын. 4. (phr v) *muddle along (especially BrE) беталбатты/ беталды/ бағыт-бағдары жоқ әрекет ете беру ¨We can't just keep muddling along like this. – Бұлай беталды жалғастыра беруге болмайды. *muddle through әйтеуір/ қиналып жатып өту/жету ¨We'll muddle through somehow. – Әйтеуір (не болса да) жетеміз. ¨There were some difficult questions but I managed to muddle through. – Біршама қиын сұрақтар болғанмен, әйтеуір өттім. ¨The team managed to muddle through another season. – Команда тағы бір маусым әйтеуір жан сақтап қалды. B.n 1.шатасу, шатысу, жаңылысу ¨Can you start from the beginning again - I'm in a muddle. – Басынан қайта баста(ңыз)шы – ұқпай қалдым. 2. ~ (about/over smth) қарбалас, сапырылысу, абыр-сабыр, әлектену, әурелену, әбігершілік, шатасу, бытысу  ¨There was a muddle over the theatre tickets. – Театр билеттері төңірегінде қарбалас болды. ¨There followed a long period of confusion and muddle. – Абыр-сабыр мен әбігершілік ұзақ уақыт жалғасты. 3. былық, ыбырсу(шылық), шашылып жатқандық, ұйпа-тұйпа, ретсіздік, сапырылысу (synmess) ¨My papers are all in a muddle. – Қағаздарымның бәрі бытысып жатыр.