multitude [ˈmʌltɪtjuːd] n (formal) 1. ~ (of smth/smb) орасан көп, соншама көп ¨a multitude of possibilities – соншама мүмкіндіктер ¨a multitude of birds – орасан көп құстар ¨These elements can be combined in a multitude of different ways. – Бұл элементтерді нешетүрлі үйлестірсе/ кіріктірсе болады. ¨The region attracts tourists in their multitudes. – Бұл аймаққа соншама көп турист келеді. ¨The library offers a whole multitude of books for young readers. – Кітапханада жас оқырмандарға арналған көптеген кітап бар. 2. the ~ (also the ~s) (sometimes disapproving) бұқара халық, қалың бұқара, көпшілік жұрт ¨It was an elite that believed its task was to enlighten the multitude. – Бұл - міндетіміз бұқараны ағарту деген элита/ қоғамның жақсы-жайсаңдары еді. ¨to feed the starving multitudes – ашыққан қарақұрым жұртқа азық табу ¨She was famous for singing patriotic songs to the assembled multitudes. – Ол - жиналған бұқара алдында патриоттік ән айтуымен әйгілі болды. ¨He preached to the assembled multitude. – Ол жиналған бұқараға уағыз айтты. 3. (idm) *cover/hide a multitude of sins (often humorous) нақты жағдайды, күйді жасыру ¨Patterned carpet can hide a multitude of sins. – Өрнекті кілем ондағы ласты жасырады.