muscle [ˈmʌsl] A.n 1.ет, бұлшық ет ¨a calf/neck/thigh muscle – балтыр/ мойын/ сан еті ¨to pull/tear a muscle – сіңірді созып алу (бұлшық етті не оған бекіген сіңірді дұрыс қимылдамай созып алу) ¨to  strain a muscle – бұлшық етті «үзіп алу»/ жарақаттау (бұлшық ет жіптіктерін, тіндерін дұрыс қимылдамай үзіп алу) ¨This exercise will work the muscles of the lower back. – Бұл жаттығу белдің мықын тұсындағы еттерін шынықтырады. ¨She tried to relax her tense muscles. – Ол өзінің сіресіп қалған (бұлшық) еттерін босаңсытпақ болды. ¨He felt every muscle in his body tighten. – Ол (өз) денесінің әрбір мүшесінің кернегенін сезді. ¨He didn't move a muscle. – Ол бүлк етпеді. 2. (физикалық) күш, қара күш ¨He's an intelligent player but lacks the muscle of older competitors. – Ол зерек ойыншы, алайда егделеу қарсыластардай мығым емес. 3.қуат, қауқар, күш, ықпал ¨to exercise political/industrial/financial muscle – саяси/ индустриялық/ қаржылай қауқар таныту B.v (phr v) *muscle in (on smb/smth) (informaldisapproving) кеуделеу, иықтау, өңмеңдеу, білек күшін қолдану