muse [mjuːz] A.n 1.муза, шабыт (өнер адамын жігерлендіретін, оған ой бітіретін адам я нәрсе) (syn: inspiration) ¨He felt that his muse had deserted him. – Музасыз/ Шабытсыз қалғанын сезді. 2. Muse муза (көне грек, рим аңыздарындағы көркем өнер мен ғылымның қамқоршы құдайы) B.v (formal) 1. ~ (about/on/over/upon smth) (терең) ойға шому, ойға берілу, толғану (syn: ponder) ¨I sat quietly, musing on the events of the day. – Сол күнгі болған оқиғаларды ой елегінен өткізіп үнсіз отырдым. 2.дауыстай ойлану, өзіне өзі айту ¨‘I wonder why?’ she mused. – «Неге бұлай болды екен?», деді ол өзіне өзі.