must A.modal verb [mʌst; məst] 1. (бірнәрсе істеуге) тиісті, міндетті болу ¨All visitors must report to reception. – Келушілердің бәрі (де) қабылдауға/ ресепшнге көрінуі тиіс. ¨Cars must not park in front of the entrance. – Машиналарды кіреберістің алдына қоюға болмайды. ¨(formal) I must ask you not to do that again. – Бұлай етпеуің(із)ді өтінуге тиіспін. ¨You mustn't say things like that. – Бұлай деп айтпауың керек. ¨I must go to the bank and get some money. – Банкке барып біраз ақша алуым керек/ алуға тиістімін. ¨I must admit I was surprised it cost so little. – Бұның соншама арзан болғанына таңғалғанымды айтуым керек. ¨(especially BrE) Must you always question everything I say? – Не айтсам да тергеуің/ сұрақтың астына алуың керек пе? ¨‘Do we have to finish this today?’ ‘Yes, you must.’ – «Бұны бүгін бітіруіміз керек пе?» «Иә, сөйтуге тиістісің(із)дер? 2.солай шығар, солай болған шығар, тсс ¨You must be hungry after all that walking. – Осыншама (жаяу) жүріп, қарның(ыз) ашқан шығар. ¨He must have known what she wanted. – Оның не қалағанын ол білуге тиіс(ті) еді. ¨I'm sorry, she's not here. She must have left already. – Өкінішке орай ол онда жоқ. Баяғыда кетіп қалған болар. 3. (especially BrE) кеңес, ұсыныс айтқанда қолд ¨You simply must read this book. – Бұл кітапты әшейін оқуың керек. ¨We must get together soon for lunch. – Жуырда (әйтеуір бір) отырып түскі ас ішуіміз керек. 4. (idm) *if you must (do smth) бірдеңе істеуге, тсс тиіс болсаң, істегің келіп бара жатса ¨‘Can I smoke?’ ‘If you must.’ – «Темекі шексем бола ма?» «Өзің(із) біл(іңіз)». ¨«It's from my boyfriend, if you must know. – Бұл менің (жүріп жүрген) жігітім, білгің келсе. *must-see/must-read/must-have, etc. көруге/ оқуға/ алуға тиіс нәрсе ¨Sydney is one of the world's must-see cities. – Сидней – дүниенің нағыз көретін қалаларының бірі. ¨The magazine is a must-read in the show business world. – Бұл - шоу-бизнес әлеміндегі ең оқитын журнал. ¨This is on my must-do list. – Бұл істеуім/істеуге тиісті нәрселерімнің бірі. *needs must (when the Devil drives) (saying) кейбір жағдайларда жайсыз нәрселер істеуге тура келеді B.n [mʌst] informal) істе(лін)уге, тсс тиіс, міндетті нәрсе ¨His new novel is a must for all lovers of crime fiction. – Оның жаңа романын краймфикшнге/ қылмыстық әсіреге әуестердің оқулары тиіс. ¨Trips to Pompeii and Naples are absolute musts. – Помпей мен Неапольге қайткенде де/ міндетті (түрде) бару керек.