mysterious [mɪˈstɪəriəs] adj 1.түсініксіз, жұмбақ, біртүрлі, беймәлім, бір сыр/ гәп бар, сырлы (syn: enigmatic) ¨He died in mysterious circumstances. – Ол бір жұмбақ жағдайларда өлді/ Оның өлімінде бір гәп бар. ¨A mysterious illness is affecting all the animals. – Түсініксіз/ Беймәлім дерт жануарлардың бәрін шалуда. ¨A mysterious young woman is living next door. – Көрші есікте бір жұмбақ әйел тұрып жатыр. 2.жақ ашпаған, тұйық, түсініксіз, жұмбақ, сырын жасырған ¨He was being very mysterious about where he was going. – Өзінің қайда бара жатқаны жайлы, не гәп бар екен(і), ол жақ ашпады.