mystery [ˈmɪstri] n (pl -ries) 1. түсініксіз жайт, жұмбақ(тық), біртүрлі жайт, беймәлім нәрсе, бір сыры/гәбі бар жайт ¨It is one of the great unsolved mysteries of this century. – Бұл - осы ғасырдағы шешілмеген ірі жұмбақтардың/ гәптердің бірі. ¨Their motives remain a mystery. – Олардың ниеттері жұмбақ болып қалып отыр. ¨It's a complete mystery to me why they chose him. – Олардың оны неге таңдағаны мен үшін мүлде түсініксіз. ¨Mystery surrounds her disappearance. – Оның жоғалуы жұмбаққа толы. ¨His past is shrouded in mystery. – Оның өткен өмірінің қандай болғаны беймәлім ¨The dark glasses give her an air of mystery. – Қара көзәйнек оны жұмбақ ете/ құбылта көрсетеді. ¨She’s a woman of mystery. – Ол бір жұмбақ әйел. 2.жұмбақ/ түсініксіз/ біртүрлі адам/ нәрсе ¨He's a bit of a mystery. – Ол бір жұмбақ/ түсініксіз адам. ¨There was a mystery guest on the programme. – Программада бір беймәлім/ жұмбақ қонақ болды. ¨The band was financed by a mystery backer. – Музыкалық топтың бір беймәлім демеушісі бар. ¨(British English) a mystery tour – жұмбақ сапар 3.жұмбақ жағдайда болған өлім не оқиғалар туралы фильм, тсс, детектив фильм ¨I enjoy murder mysteries. – Кісі өлтіру жайлы фильмдерді ұнатамын. 4. -ries құпия діни рәсімдер; құпия, сырға толы білім ¨(figurative) the teacher who initiated me into the mysteries of mathematics – мұғалім мені математиканың қыр-сырына үйретті 5.жұмбақтық, түсініксіздік (ғылыми жолмен түсіндіруге не дәлелдеуге болмайтын діни наным) ¨the mystery of creation – жаратылыстың жұмбақтығы/ түсініксіздігі