nail [naɪl] A.n 1.тырнақ ¨Stop biting your nails! – Тырнағыңды кемірме! ¨nail clippers – тырнақ алғыш 2.шеге ¨She hammered the nail in. – Ол шегені қақты/ қағып кіргізді. 3. (idm) *fight tooth and nail [қ-з: fight (A7)] *(as) hard as nails [қ-з: hard (A11)] *hit the nail on the head [қ-з: hit (A12)] *a nail in smb’s/smth’s coffin «біреудің/ бірн-ң табытына қағылған шеге», біреудің/ бірн-ң ісін, жоспарын, тсс құрдымға жіберу, біржола омақастыру ¨This latest defeat is another nail in the government's coffin. – Жуырдағы жеңіліс - үкіметті құлататын тағы бір жайт. *on the nail (BrE, informal) (төлем ж) уақтылы, кешіктірмей ¨They're good customers who always pay on the nail. – Олар уақтылы төлейтін жақсы клиенттер. *(as) tough as old boots, (as) tough as nails (informal) a) өте мығым/ шымыр ¨She’s almost 90 but she’s still as tough as old boots. – Жасы тоқсаннан асса да(ғы) әлі тып-тың/ шып-ширақ. b) бедірейген, безірейген; салқынқанды B.v 1. ~ smth шеге қағу, шегелеу ¨I nailed the sign to a tree. – Белгіні ағашқа қақтым. ¨Wooden boards had been nailed across the windows. – Терезелердің үстіне ағаш тақтайлар қағылды. ¨The shutters had been nailed shut. – Терезе қақпақтарын жауып шегелеген. ¨There’s no need to nail the wood down. – Ағашты шегелеп бекітудің қажеті жоқ. 2. ~ smb (informal) құрықтау, әшкерелеу, біреуді ұстап оның қылмысын дәлелдеу ¨The police haven't been able to nail the killer. – Полиция кісі өлтірушінің құрықтай алмады. 3. ~ smth (informal) (жалған екенін) әшкерелеу ¨We must nail this lie. – Бұл өтірікті әшкерелеуіміз керек/ -ге тиістіміз. 4. ~ smth (informal) табысқа/ дегеніне жету ¨He nailed a victory in the semi-finals. – Жартылай финалда ол жеңіске жетті. ¨She nailed it on her second jump. – Ол екінші секірістен/ секіргеннен ұтты. 5. (idm) *nail your colours to the mast (especially BrE) өз пікірін ашық айту, жария ету 6. (phr v) *nail smth down a) шегелеу, шеге қағу b) уағдаластыққа жету, байламға келу ¨All the parties seem anxious to nail down a ceasefire. – Барлық тараптың тезірек атысты тоқтату туралы келісімге жеткісі келеді. *nail smb down (to smth) міндеттеу, нақты бірнәрсе істеуге көндіру (syn: pin smb down (to smth/doing smth)) ¨She says she'll come, but I can't nail her down to a specific time. – Ол келем(ін) дейді, алайда оны нақты бір уақытқа міндеттей алмаудамын. *nail smth up a) шегелеу, шеге қағып бекіту ¨We spent the morning nailing up signposts. – Түске дейін жол белгілерін қағумен болдық. b) ашылмас үшін есік-терезені шегелеу ¨The door had been nailed up from the outside. – Есікті сырттан шегелеп тастаған.