name [neɪm] A.n 1.ат, есім, аты-жөні, тек, фамилия; ат, атау ¨What's your name? – Атың(ыз)/ Есімің(із) кім? ¨What is/was the name, please? – Есімің(із) кім еді? ¨Please write your full name and address below. – Төменге толық аты-жөніңізді және адресіңізді жазыңыз. ¨Do you know the name of this flower? – Бұл гүлдің атын/ атауын білесің(із) бе? ¨Rubella is just another name for German measles. – «Rubella» қызыл ауруының тағы бір атауы. ¨Are you changing your name when you get married? – Үйленгенде аты-жөніңді/ тегіңді/ фамилияңды өзгертесің(із) бе? 2.атақ, (жақсы) ат ¨She first made her name as a writer of children's books. – Оның аты алғаш рет балалар жазушысы ретінде шықты. ¨He's made quite a name for himself. – Ол өзін әжептәуір танымал етті. ¨The college has a good name for languages. – Бұл тілдерді жақсы үйрететін колледж ретінде белгілі. ¨This kind of behaviour gives students a bad name. – Бұндай мінез-құлық студентті жаманатты етеді. 3.атақ, әйгілілік ¨a big-name company – әйгілі компания ¨brand-name goods – аты әйгілі товарлар 4.әйгілі адам ¨Some of the biggest names in the art world were at the party. – Өнер әлеміндегі әйгілі адамдар тойда болды. ¨The event attracted many famous names from the past. – Жиынға бұрын аты әйгілі болған көптеген адам келді. ¨The movie needs some names in it, if it’s going to be successful. – Фильмді табысты ету үшін оған аты әйгілі кейбір адамдарды тарту керек. 5. (idm) *answer to the name of smth [қ-з: answer (A3)] *be smb’s middle name [қ-з: middle name (2)] *a big noise/shot/name маңызды адам *by name атын, есімін білетін, тсс ¨She asked for you by name. – Ол сенің атыңды атап сұрады. ¨The principal knows all the students by name. – Мектеп директоры әр оқушының аты-жөнін біледі. ¨I only know her by name. – Оны сырттай ғана білемін. *by the name of… (formal) ... деген біреу, аты-жөні пәленше ¨a young actor by the name of Tom Rees – есімі Том Риис деген жас актер *call smb names [қ-з: call (B9)] *drop names [қ-з: drop (A11)] *enter smb’s/your name (for smth), put smb’s/your name down (for smth) оқу орнына түсу үшін, жарысқа қатысу үшін арыз жазу ¨Have you entered your name for the quiz yet? – Сынақ тапсыруға арыз жаздың ба? ¨They’ve already put his name down for Eton College. – Оны Итон колледжіне беру үшін олар арыз жазды. *give a dog a bad name (saying) [қ-з: dog (A7)] *give your name to smth бірнәрсені ойлап тауып, оған өз атын беру ¨Charles Macintosh gave his name to a type of raincoat. – Чарльз Макинтош плащтың бір түрін ойлап тауып, оған өз атын берген. *go by the name of… лақап аты/ есімі пәлен ¨a thief who goes by the name of ‘The Cat’ – «мысық» деген лақап аты бар ұры *have your/smb’s name on it, with your/smb’s name on it (informal) «атың/ есімің ойып жазылған», саған арналған ¨He took my place and got killed. It should have been me - that bullet had my name on it. – Менің орныма келді де өлді. Менің өлуім керек еді – ол оқ маған арналған болатын. ¨Are you coming for dinner this evening? I've got a steak here with your name on it! – Бүгінгі кешкі асқа келесің бе? Саған арналған/ Сенің атыңды ойып жазған сүбе ет бар! *in all but name ресми мойындалмағанмен, іс жүзінде бар нәрсе ¨He runs the company in all but name. – Іс жүзінде компанияны басқаратын сол. *in God’s/Heaven’s name, in the name of God/Heaven құдай(ым)-оу, о құдай(-ай) (біреуге ашуланғанда, кейігенде айтылады) ¨What in God's name was that noise? – Құдай-оу, ол не шу болды екен? ¨Where in the name of Heaven have you been? – Құдай-ай, қайда құрып кеттің? *in the name of smb/smth, in smb’s/smth’s name a) біреу үшін, біреудің атына, атында ¨We reserved two tickets in the name of Brown. – Браунның атына екі билет заказ бердік. ¨The car is registered in my name. – Машина менің атыма тіркелген/ менің атымда. b) арнайы өкіл ретінде, біреудің атынан, біреудің өкілі ретінде ¨I arrest you in the name of the law. – Заң(ның) атынан сізді тұтқындаймын. c) бірнәрсеге бола, бірн-ң атын жамылып, бірн-е үшін ¨crimes committed in the name of religion – дінді желеу етіп жасалған қылмыстар *in name only (әшейін) аты ғана ¨He's party leader in name only. – Партия жетекшісі деген оның әшейін аты ғана. *lend your name to smth (formal) a) ашық қолдау көрсету, келісу ¨I am more than happy to lend my name to this campaign. – Бұл науқанға қолдау көрсетуге қуаныштымын. b) бір жерге біреудің атын беру *smb’s name is mud [қ-з: mud (2)] *name names кінәлілердің, тсс атын атау ¨He has accused the government of corruption and claims he is prepared to name names. – Ол үкіметті парақор деп айыптап, кінәлілердің атын айта аламын дейді. *the name of the game (informal) «ойынның аты/ атауы», ең маңызды нәрсе, қасиет ¨Hard work is the name of the game if you want to succeed in business. – Бизнесте табысқа жетудегі ең маңызда нәрсе – аянбай еңбек ету. *a name to conjure with (BrE) a) (NAmE a name to reckon with) белгілі бір саладағы маңызды адам; ескерілетін/ ескерілуі тиіс адам ¨Miyazaki is still a name to conjure with among anime fans. – Миядзаки жапон мультфильмі әуесқойларының әлі де құрмет тұтатын адамдардың бірі. b) (humorous) айтуға өте қиын ат, есiм ¨He comes from Tighnabruaich - now there's a name to conjure with! – Ол Тайнабуриахтан – ал енді, (ол атауды) айтып көріңдер! *put a name to smb/smth атын/ атауын білу, есінде ұстау ¨I recognize the tune but I can't put a name to it. – Әуенді білгеніммен, атын ұмытып тұрмын. *rejoice in the name of… (BrE, humorous) аты-жөні қызық, күлдіргі болу ¨He rejoiced in the name of Owen Owen. – Оның Оуэн Оуэн деген қызық аты-жөні бар болатын. ¨a woman who rejoices in the name of Eugenia Whelpbottom – Юджиниа Уэлпботтом (жас иттің құйрығы) деген қызық аты-жөні бар әйел *a rose by any other name would smell as sweet (saying) аты емес, заты маңызды *take smb’s name in vain біреудің аты-жөнін немқұрайды, немкетті айту, атау ¨(humorous) Have you been taking my name in vain again? – Мені осы тағы да әңгімелеп жатқан жоқсың ба? *(have smth) to your name бірнәрсесі болу, бірнәрсе иемдену ¨an Olympic athlete with five gold medals to his name – бес алтын медаль иемденген олимпиадашы атлет ¨She doesn’t have a penny/cent to her name. – Оның соқыр тиыны жоқ. *under the name (of)… лақап атпен, басқа бір ат/ есім жамылып B.v 1. (біреуге/ бірн-ге) ат беру, (біреудің/ бірн-ң) атымен атау (syn: call) ¨~ smb/smth (after smb) (NAmE also) ~ smb/smth (for smb) He was named after his father. – Оған әкесінің атын берді/ Оны әкесінің атымен атады. ¨the diesel engine, named after its inventor Rudolf Diesel – өнертапқыш Рудолф Дизельдің атымен аталған дизель мотор ¨~ smb/smth They named their son John. – Олар балаларын Джон деп атады. 2. (біреудің/ бірнәрсенің) атын атау, мәлім ету (syn: identify) ¨~ smb/smth The victim has not yet been named. – Құрбан болған адамның кім екені әлі белгісіз. ¨Can you name all the American states? – Американың барлық штаттарын атап шыға аласың ба? ¨The manager has named his side for the semi-final. – Бапкер жартылай финалда ойнайтын өз жағының ойыншыларын атады. ¨~ smb/smth as smb/smth The missing man has been named as James Kelly. – Жоғалған адамның аты-жөні Джеймс Келли дейді. 3. ~ smth нақты айту, атау (syn: specify) ¨Name your price. – (Сұрайтын) бағаңды айт. ¨They're engaged, but they haven't yet named the day. – Олар атасыпты (үйленетін болыпты), бірақ тойы әлі белгісіз. ¨Activities available include squash, archery and swimming, to name but a few. – Онда скуош, садақ тарту және жүзу сияқтылар ғана бар. ¨Chairs, tables, cabinets - you name it, she makes it. – Орындықтар, столдар, кабинеттер – не айтсаңыз да ол істейді. 4.біреуді бір жұмысқа не орынға таңдау, тағайындау (syn: nominate) ¨~ smb (as) smth | ~ smb I had no hesitation in naming him (as) captain. – Оны капитан ретінде іркілместен таңдадым. ¨~ smb (to smth) When she resigned, he was named to the committee in her place. – Ол (әйел) орнын босатқан кезде ол (еркек) оның орнына таңдалды. 5. (idm) *name and shame (BrE) қателескен не тәртіп бұзғандардың атын жариялап, ұятқа қалдыру *name names [қ-з: name (A5)]