narrow [ˈnærəʊ] A.adj (~er, ~est) 1.жіңішке, тар, жұқа, сәл (ғана) (opp: broad, wide) ¨narrow streets – тар көшелер ¨a narrow bed/doorway/shelf – тар төсек/ есік/ жұқа сөре ¨narrow shoulders/hips – жіңішке иықтар/ мықындар ¨There was only a narrow gap between the bed and the wall. – Төсек пен қабырғаның арасында сәл ғана саңылау болды. ¨(figurative) the narrow confines of prison life – абақтыдағы өмірдің тар қапастары ¨The road soon became narrower and steeper. – Жол біраздан соң тарылып, құлдилай бастады. 2.әрең, әзер, сәл ¨a narrow victory – әрең (келген) жеңіс ¨He lost the race by the narrowest of margins. – Ол жарыстан болар-болмас шекпен ұтылды/ Ол ақыр соңына дейін барып ұтылды. ¨She was elected by a narrow majority. – Ол сәл ғана көп дауыспен ұтты. ¨He had a narrow escape when his car skidded on the ice. – Машинасы мұзда тайғанақтағанда ол әзер/ әрең аман қалды. 3.тар, қысқа; өзін ғана ойлаған/ күйттеген (opp: broad) ¨narrow interests – өз пайдасын ғана күйттеу ¨She has a very narrow view of the world. – Оның дүние/ әлем жайлы көзқарасы тар. 4.шектеулі (syn: restricted) (opp: wide) ¨The shop sells only a narrow range of goods. – Дүкен шектеулі ғана зат сатады. ¨a narrow circle of friends – аз ғана достар 5.тар, шектеулі (мағынада); нақты (opp: broad) ¨I am using the word ‘education’ in the narrower sense. – «Білім алу» сөзін тар мағынада қолданып отырмын. B.v 1.жіңішкер(т)у, тарылу, тарылту, азаю, азайту; (көздерін) сығырайту ¨This is where the river narrows. – Осы жерде өзен жіңішкереді. ¨The gap between the two teams has narrowed to three points. – (Жарыс кестесінде) екі команданың арасы үш ұпайға дейін қысқарды. ¨Her eyes narrowed menacingly. – Көздері зәрлене сығырайды. ¨His eyes narrowed to slits. – Көздері тіліктей болып сығырайды. ¨~ smth He narrowed his eyes at her. – Ол оған сығырая қарады. ¨We need to try and narrow the health divide between rich and poor. – Біз бай мен кедей арасындағы денсаулық айырмашылығын азайтуымыз керек. 2. (phr v) *narrow smth down (to smth) сирету, азайту ¨We have narrowed down the list to four candidates. – Тізімдегі кандидаттар санын төртке дейін сиреттік/ азайттық.