nasty [ˈnɑːsti] adj (-tier, -tiest) 1.өте жаман, өте жайсыз ¨a nasty accident – жаман апат/ оқиға ¨The news gave me a nasty shock. – Хабарды естіп денем жаман түршікті. ¨I had a nasty feeling that he would follow me. – Ол мені өкшелейді-ау деген бір жайсыз сезім бойымды биледі. ¨He had a nasty moment when he thought he'd lost his passport. – Паспортымды жоғалтып алдым-ау деп ойлағанда ол қатты кейіді. ¨This coffee has a nasty taste. – Кофеде біртүрлі жағымсыз дәм болды. ¨Don't buy that coat - it looks cheap and nasty. – Ол киімді (сатып) алмай-ақ қой – арзанқол әрі ұсқынсыз көрінеді екен. 2. мейірімсіз, қытымыр, жаман; жайсыз (syn: mean) ¨to make nasty remarks about somebody – біреу жайлы жаман сөздер айту ¨the nastier side of her character – мінезінің жаман жағы ¨to have a nasty temper – қозба/ ерегескіш мінезі болу ¨Don't be so nasty to your brother. – Бауырыңа соншама қатты болма(саңшы). ¨That was a nasty little trick. – Ол сүйкімсіз бір айласымақ еді. ¨Life has a nasty habit of repeating itself. – Өмірдің қайталанып отыратын бір жаман әдеті бар. 3.қауіпті, қиын ¨a nasty bend - қауіпті бұрылма/ бұрылыс ¨a nasty injury – жаман/ ауыр жарақат 4.ұрынба, ұрыншақ; бәдік ¨to have a nasty mind – ерегескіш/ тиіскіш болу ¨nasty jokes – бәдік қалжыңдар 5. (idm) *get/turn nasty a) ашуланып кету, жыны ұстап қалу, бұлқан-талқан болу ¨You'd better do what he says or he'll turn nasty. – Оның айтқанын істегенің жөн, әйтпесе ол бұлқан-талқан болады. ¨After the game, things turned nasty and there were fights in the streets. – Ойыннан соң іс насырға шауып/ жағдай күрт бұзылып, көшеде төбелестер болды. b) жаман/ жайсыз болып кету ¨It looks as though the weather is going to turn nasty again. – Ауа-райы қайтадан бұзылайын деп тұр-ау/ тұрған сияқты. *leave a bad/nasty taste in the mouth «ауызда кермек дәм қалдыру», жайсыз/ жаман әсер қалдыру ¨The whole business left a bad taste in my mouth. – Бұл іс аузымда кермек дәм қалдырыпты./ Бұл іс жайлы еске алғым келмейді. *a nasty piece of work (BrE, informal) жайсыз, сүйкімсіз, сұрқия адам ¨Don’t trust him; he’s a nasty piece of work. – Оған сенбе; ол бір жүрген жайсыз неме. ¨He's a thoroughly nasty piece of work. – Ол бір мүлде мүттайым біреу.