national [ˈnæʃnəl] A.adj 1.халықтық, ұлттық, бүткіл ел(ге қатысты) ¨national and local newspapers – ұлттық және жергілікті газеттер ¨national and international news – елдегі және халықаралық жаңалықтар ¨national and regional politics – ұлттық/ жалпы елдегі және аймақтық саясат ¨a national election – жалпыхалықтық сайлау ¨These buildings are part of our national heritage. – Бұл ғимараттар біздің ұлттық мұрамыздың бір бөлігі ¨They are afraid of losing their national identity. – Олар өз(дерінің) ұлттық келбетінен айырыламыз деп қорқады. 2.мемлекеттік, үкіметтің қарамағындағы, ұлттық ¨a national airline/museum/theatre – мемлекеттік әуе компаниясы/ музей/ театр B.n (technical) азамат ¨Polish nationals living in Germany – Германияда тұратын Польша азаматтары