natural [ˈnætʃrəl] A.adj 1. табиғи, табиғат(тағы), кәдімгі, қалыпты ¨natural disasters – табиғи апаттар/ табиғат апаттары ¨the natural world – табиғат әлемі/ табиғи әлем ¨a country’s natural resources – елдің табиғи ресурстары ¨wildlife in its natural habitat – өзінің қалыпты ортасындағы/ мекеніндегі жабайы табиғат ¨natural yogurt – табиғи йогурт ¨My hair soon grew back to its natural colour. – Кейінірек шашым өсіп, өзінің табиғи реңкі қалпына келді. ¨The clothes are available in warm natural colours. – Киімдер қызыл, қызғылт және сары сияқты қалыпты түстерде бар. 2. қалыпты, үйреншікті, әдеткі, кәдімгі, табиғи ¨to die of natural causes – қартайып қайтыс болу ¨He thought social inequality was all part of the natural order of things. – Ол әлеуметтік теңсіздікті өмірде болмай қоймайтын нәрсе деп ұқты. ¨She was the natural choice for the job. – Ол табиғатынан осы жұмысқа сай еді/ Ол осы жұмысқа жаралғандай еді. 3. табиғи, туа біткен, жаралған, қалыпты, (бірнәрсеге) тән ¨the natural agility of a cat – мысықтың табиғи шапшаңдығы/ мысыққа тән шапшаңдық ¨the natural processes of language learning – тіл үйренудегі қалыпты процестер ¨It's only natural to worry about your children. – Өз балалары жайлы ойлау - табиғи нәрсе. ¨When body temperature is beginning to fall there is a natural tendency to fall asleep. – Дене температурасы түсе бастаған кезде ұйқысы келу - табиғи нәрсе. ¨It was my natural instinct to defend myself. – Өзімді қорғауым табиғи инстинкт/ нәрсе еді. ¨He's a natural leader. – Оның табиғатынан жұртты ерте алатын қасиеті бар/ Ол басшы болып туған/ жаралған. 4.табиғи, бірқалыпты ¨It's difficult to look natural when you're feeling nervous. – Қобалжып тұрған кезде бірқалыпты болып көріну қиын. 5.табиғи, өз (ата-анасы я баласы) ¨His natural mother was unable to care for him so he was raised by an aunt. – (Оның) өз/ табиғи анасының қарауға шамасы келмеген соң, оны апайы бағып қақты. 6. (old use or formal) некесіз/ некеден тыс/ заңсыз туған (бала) (syn: illegitimate) ¨She was a natural daughter of King James II. – Ол ІІ Яков/ Джеймс корольдің некесіз туған қызы еді. 7. ақылға, пайымға сүйенген ¨natural justice/law – ар-ождан әділеті/ заңы 8.бекар (♮ - музыкалық нотаның қатты да, бәсең де еместігін білдіретін белгі, диез бен бемольдың әрекетін жоққа шығарады). ¨B natural – си бекар B.n 1. ~ (for smth) табиғи/ туа біткен икемі, қабілеті бар адам, жаратылысынан бірнәрсеге икемді адам ¨She took to flying like a natural. – Ұшумен айналысқан оған өте жеңіл болды. ¨He's a natural for the role. – Бұл рөл үшін ол өте лайықты. 2. бекар (♮ - музыкалық нотаның қатты да, бәсең де еместігін білдіретін белгі, диез бен бемольдың әрекетін жоққа шығарады).