nature [ˈneɪtʃə(r)] n 1. (often N∼) табиғат, жаратылыс ¨the beauties of nature – табиғат әсемдігі/ сұлулығы ¨man-made substances not found in nature – табиғатта ұшыраспайтын адам жасаған нәрселер ¨nature conservation – табиғатты қорғау ¨the forces/laws of nature – табиғат күштері/ заңдары ¨Just let nature take its course. – Табиғаттың еркі/ ырқы білсін. ¨Her illness was Nature's way of telling her to do less. – Оның науқастығы табиғаттың оған аз істе деп ескертуі іспетті еді. 2. (кісінің туа біткен қасиеті ж) табиғат, жаратылыс, тумыс, болмыс, қасиет ¨It's not in his nature to be unkind. – Ол тумысынан мейірімсіз емес. ¨She is very sensitive by nature. – Ол - табиғатынан/ жаратылысынан өте сезімтал/ Ол нәзік болып жаралған. ¨We appealed to his better nature. – Одан бізді аяуын өтіндік. 3.табиғат, қасиет, болмыс, сипат ¨the changing nature of society – қоғамның өзгеріп бара жатқан табиғаты/ болмысы ¨It's difficult to define the exact nature of the problem. – Проблеманың нақты қасиетін/ себебін анықтау қиын. ¨My work is very specialized in nature. – Жұмысым – өзінің қыр-сыры көп сала. ¨The future by its very nature is uncertain. – Болашақтың өзі бір бұлыңғыр нәрсе. 4.түр, сипат, болмыс, қасиет ¨books of a scientific nature – ғылыми сипаттағы кітаптар ¨Don't worry about things of that nature. – Ол сияқты нәрселерді уайымдама. 5. -natured қасиеті, табиғаты пәлендей ¨a good-natured man – жақсы жаратылған адам 6. (idm) *against nature жаратылысқа/ табиғатқа/ ар-ожданға қарсы ¨Murder is a crime against nature. – Кісі өлтіру ар-ожданға қарсы жасалған қылмыс. *(get, go, etc.) back to nature табиғат аясына оралу ¨When you’re camping, you can get back to nature. – Ой-қырды кезгенде табиғат аясына ораласың. *the call of nature (humorous) дәрет алғысы келу, түзге отырғысы келу *the forces of nature [қ-з: force (A9)] *in the nature of smth бірн-ге ұқсау, бірн-е сияқты болу ¨His speech was in the nature of an apology. – Ол ғафу өтінгендей сөйледі. *in the nature of things әдеткі, қалыпты, табиғи нәрсе ¨In the nature of things, young people often rebel against their parents. – Әдетте, жастар ата-аналарына қарсы шығып жатады/ Жастардың ата-аналарына қарсы шығып жатуы ұшырасып отырады.