near [nɪə(r)] A.adj (∼er, ∼est) 1.жақын, таяу, жуық (syn: close 1(A)) ¨His house is very near. – (Оның) үйі өте жақын. ¨Where's the nearest bank? – Ең таяу/ жақын банк қай жерде? 2. жақын, таяу, жуық, тақау (болашақ) ¨The conflict is unlikely to be resolved in the near future. – Дау жуық/ тақау арада шешіле қоймайтын сияқты. 3.келесі, кейінгі ¨She has a 12-point lead over her nearest rival. – Ол өзінен кейінгі қарсыласынан 12 ұпай алда келеді. 4. (usually ∼est) сияқты, ұқсас, ұқсаған ¨He was the nearest thing to a father she had ever had. – Оның өмірінде осындай әкесі сияқты адам болмап еді. 5.жақын, дерлік, іспетті, сияқты, тақау, таяу, таман ¨The election proved to be a near disaster for the party. – Сайлауда партияның абыройы айрандай болуға тақау/ таяу/ таман болды. ¨a near impossibility – мүмкін емес десе де болады ¨She spoke in a near whisper. – Ол күбірлегендей сөйледі/ Оның сөйлесі күбірлегендей шықты. ¨The climbers had already had one near miss on the summit. – Альпинистер тау шыңында бір рет жазымнан әрең аман қалған болатын. 6. ∼ relative/relation ең жақын (туыс) ¨Only the nearest relatives were present at the funeral. – Жерлегенде ең жақындары ғана болды. 7. (idm) *your nearest and dearest (informal) жақын туыстары мен достары *a near thing әрең/ әзер дегенде ¨Phew! That was a near thing! It could have been a disaster. – Уһ! Құдай қақты! Әйтпесе апат болар еді. ¨We won in the end but it was a near thing. – Жанұшырып/ Жанталасып жатып әйтеуір ақыр соңында жеңдік. *to the nearest… шамамен, төңірегінде, тақау, таяу, жуық ¨We calculated the cost to the nearest 50 dollars. – Құны/ Шығын шамамен 50 доллар болады деп есептедік. B.adv 1. жақын жерде, жақында, таяуда, жуықта ¨A bomb exploded somewhere near. – Бомба жақын тұста жарылды. ¨She took a step nearer. – Ол жақынырақ бір адым аттады. ¨Visitors came from near and far. – Келушілер жақыннан және алыстан келді. 2.жақын арада/ уақытта ¨The exams are drawing near. – Емтихандар таяп қалды. 3.дерлік, деуге болатын ¨a near-perfect performance – тамаша дерлік/ деуге болатын орындау ¨I'm as near certain as can be. – Шүбәсізбін/ Көзім жетіп тұр десем болады. 4. (idm) *as near as неғұрлым нақтырақ айтқанда, нақтылай айтқанда ¨There were about 3 000 people there, as near as I could judge. – Барлап қарағанымша, 3000-дай адам болды. *as near as damn it/dammit (BrE, informal) шамамен осы (төңіректе), осыған тақау ¨It will cost £350, or as near as dammit. - Бұл £350 тұратын болады, шамамен осыншама/ осыған тақау. *near enough (BrE, informal) шамамен осыншама/ соншама ¨We've been here twenty years, near enough. – Бұл жерде жиырма жыл болдық, шамамен осыншама/ осыған тақау. *not anywhere near/nowhere near мүлде, тіпті де ¨The job doesn't pay anywhere near enough for me. – Жалақым қажетіме мүлде жетпейді. *pretty much/well (BrE also pretty nearly) (NAmE also pretty near) (informal) өте, тым, дерлік, мүлде ¨One dog looks pretty much like another to me. – Маған иттің біреуі екіншісінен айнымайтындай/ аумайтындай көрінеді. ¨He goes out pretty well every night. – Ол әр кеш сайын шығып қыдырып тұрады. ¨The first stage is pretty near finished. – Бірінші кезеңі аяқталып қалды. *so near and yet so far (сәтті) болайын деп тұрып болмаған C.prep (also near to, nearer (to), nearest (to)) 1.жақын, жақын жерде, жақында, таяу, тақау, тсс ¨Do you live near here? – Жақында тұрасың ба? ¨Go and sit nearer (to) the fire. – Отқа таяу/ тақау барып отыр. 2. (белгілі бір уақтықа) таяу, тақау, жақын ¨My birthday is very near Christmas. – Туған күнім рождествоға тақау/ таяу. ¨I’ll think about it nearer (to) the time. – Уақыт тақағанда бұ жайлы ойлайтын боламын. 3.шамамен, сол/ осы төңіректе ¨Share prices are near their record high of last year. – Акция бағалары өткен жылғы рекордтық көрсеткіштің әрі жақ, бері жағында. ¨Profits fell from $11 million to nearer $8 million. – Табыстар $11 млн-нан $8 млн-ға шейін құлдырады. 4.ұқсас, жақын, тақау, жуық, дерлік ¨Nobody else comes near her in intellect. – Ой-өрісі жағынан оған ешкім жуықтай алмайды. ¨He's nearer 70 than 60. – Ол 60 емес, 70-ге тақау. ¨This colour is nearest (to) the original. – Бұл түс бастапқыдағыға келеді/ ұқсас. 5. ~ (doing) smth тақау, жуық, жақын ¨a state near (to) death – өлім аузындағы хал ¨She was near to tears. – Ол жылауға аз қалған еді/ Ол кемсеңдеп тұрды. ¨We came near to being killed. – Бізді өлтіре жаздады. 6. (idm) *(close/near) at hand жақын маңда, таяу жерде ¨Help was at hand. – Жәрдем жақын маңда еді. ¨The property is ideally located with all local amenities close at hand. – Үй-жай тұрмысқа қажет жайлардың жанында. *be close to/near the mark [қ-з: mark (B12)] *close/dear/near to smb’s heart [қ-з: heart (8)] D.v ~ (smth) (rather formal) жақындау, таяу, тақалу, жуықтау, таман келу (syn: approach) ¨The project is nearing completion. – Жоба аяқталуға жақындады. ¨She was nearing the end of her life. – Ол өз ғұмырының аяғына жақындады/ таман келді. ¨He must be nearing 40. – Ол қырыққа таяп қалған болар. ¨We neared the top of the hill. – Біз төбенің ұшына таядық/ таман келдік. ¨As Christmas neared, the children became more and more excited. – Рождество жақындаған сайын балалардың көңілі алып ұшты.