necessary [ˈnesəsəri] adj 1. ~ (for smb/ smth) (to do smth) керек(ті), қажет(ті), міндетті (syn: essential) ¨It may be necessary to buy a new one. – Жаңасын сатып алу қажет болуы мүмкін. ¨It doesn't seem necessary for us to meet. – Жолығуымыздың/ Кездесуіміздің қажеті жоқ сияқты. ¨Only use your car when absolutely necessary. – Машинаңды өте керек/ қажет кезінде ғана пайдалан. ¨If necessary, you can contact me at home. – (Менімен) хабарласу қажет болса, үйде боламын ¨I'll make the necessary arrangements. – Керекті әзірліктерді жасаймын. ¨Changes can easily be made where necessary. – Қажет болған жерлерге өзгерістерді оңай енгізуге болады. ¨She has the qualities necessary to be a successful teacher. – Оның табысты мұғалім болуға қажет қабілеті бар. 2.болмай қоймайтын, міндетті (syn: inevitable) ¨This is a necessary consequence of progress. – Бұл – прогрестің болмай қоймайтын салдары. 3. (idm) *a necessary evil «қажет зұлымдық», мәжбүрлік, болмай қоймайтын қиыншылық ¨The loss of jobs is regarded as a necessary evil in the fight against inflation. – Жұмыс орындарының қысқаруы инфляциямен күресте болмай қоймайтын ауыртпалық деп қарастырылады.