neck [nek] A.n 1.мойын, желке ¨He tied a scarf around his neck. – Ол мойнын айналдыра шарф/ бөкебай тақты. ¨I woke up with a stiff neck. – Мойным құрысып ояндым/ Оянғанда мойным құрысып/ желкем тартып тұрды. ¨Giraffes have very long necks. – Жирафтардың/ Керіктердің мойындары өте ұзын. ¨She craned her neck to get a better view. – Ол жақсырақ көру үшін мойнын созды. ¨Somebody's going to break their neck on these steps. – Мына баспалдақта біреу-міреу мойнын сындырады-ау/ үзеді-ау. ¨neck of lamb – қой(дың) желкесі/ мойны 2.мойын, жаға (киімнің) ¨What neck size do you take? – Саған/ Сізге мойынның қандай өлшемі/ размері керек? 3. -necked мойны, жағасы пәлендей ¨a round-necked sweater – дөңгелек мойынды/ жағалы свитер 4. ~ (of smth) мойын (заттың, тсс) ¨the neck of a bottle – шөлмек/ бөтелке мойны ¨a neck of land – жердің мойны (жіңішке тұсы) 5. (idm) *be up to your neck in smth «кеңірдектен/ мойнынан келу», шаруасы, тсс тым көп болу ¨We're up to our neck in debt. – Қарызымыз бастан асады. ¨He's in it up to his neck. – Ол пәлеге белшесінен батты. *brass neck/nerve (BrE, informal) ожарлық, бірбеткейлік ¨I didn't think she would have the brass neck to do that. – Ол сөйтіп істейтіндей соншама бірбеткей деп ойламаппын. *breathe down smb’s neck [қ-з: breathe (5)] *by a neck «мойнымен ғана (озды)», сәл ғана озу *by the scruff of the/smb’s neck желкеден/ желкесінен ұстай/ ұстап ¨She grabbed him by the scruff of the neck and threw him out. – Ол оны желкесінен алды да сыртқа ытқытып жіберді. *get it in the neck (BrE, informal) бірнәрсе істегені үшін ұрыс есту я жаза алу *a millstone around/round your neck [қ-з: millstone (2)] *neck and neck (with smb/smth) (also nip and tuck (with smb) especially US) қатар(лас), үзеңгілес, үзеңгі қағыстыра ¨The cyclists were neck and neck as they approached the final lap. – Соңғы айналымға жақындағанда велосипедшілер үзеңгі қағыстырып келе жатты. *neck of the woods (informal) белгілі бір жер/ тұс/ жақ ¨He's from your neck of the woods. – Ол сен (тұратын) жақтан. ¨What are you doing in this neck of the woods? – Бұл жерде неғып жүрсің? *a pain in the neck (BrE also a pain in the arse/backside) (NAmE also a pain in the ass/butt) (informal) «мойындағы шаншу», маза бермейтін адам *put/lay your head/neck on the block «басын өлімге/ бәске тігу», бірнәрсе айтып не істеп өзін қиын жағдайға қалдыру, өзіне қауіп төндіру ¨You have to take some risks to be successful in business and in life, but don't put your head on the block for no good reason. – Бизнесте не өмірде табысты болу үшін кейде тәуекел етуге тура келеді, алайда жөні жоқ басыңды бәске тігіп керегі жоқ. *risk life and limb, risk your neck басын өлімге, қатерге тігу ¨She risked life and limb to save her children from the fire. – Балаларын өрттен аман алып қаламын деп ол отқа түсті/ басын өлімге тікті. *save smb’s bacon/neck (informal) қиын жағдайдағы біреуге қол ұшын беру *save your (own) skin/hide/neck өзінің қара басын ойлау, өзін құтқаруды ғана ойлау ¨To save his own skin, he lied and blamed the accident on his friend. – Өзінің қара басын аман алып қалмақ болып, жазым/ қырсық үшін ол өз досын кінәлады. *stick your neck out (informal) «мойнын қылтиту», тәуекелге бару ¨I’m really sticking my neck out by investing my money in this idea. – Бұл жобаға ақша жұмсап, шынымен де тәуекел етіп жатырмын. *wring smb’s neck (informal) «біреудің мойнын бұрау», біреуді қатты жазалау B.v (usually be necking) (old-fashioned, informal) аймалау, өбісу, сүйісу