need [niːd] A.v 1.керек болу, қажет болу ¨~ smth/smb Do you need any help? – Саған көмегім керек пе? ¨It's here if you need it. – Қажет болса, бұл осында. ¨Don't go - I might need you. – Кетпе – маған керек болып қалуың мүмкін. ¨They badly needed a change. – Оларға өзгеріс өте қажет болды. ¨Food aid is urgently needed. – Азық-түлік жәрдемі өте қажет. ¨What do you need your own computer for? You can use ours. – Өзіңе жеке компьютердің не керегі/ қажеті бар? Біздікін қолдансаң болады (ғой). ¨I don't need your comments, thank you. – Ойыңның/ Пікіріңнің маған қажеті жоқ. Рахмет. ¨~ to do smth I need to get some sleep. – Біраз ұйықтап алуым керек. ¨He needs to win this game to stay in the match. – Матчты әрі жалғастыру үшін оның осы ойынды ұтуы керек. ¨You don't need to leave yet, do you? – Әлі кетпесең болады ғой?/ Кетпей тұра тұрсаң болады емес пе? ¨This shirt needs to be washed. – Мына жейдені жуу керек. ¨~ doing smth This shirt needs washing. – Мына жейдені жуу керек. 2. ~ to do smth бірнәрсе істеу керек/ қажет болу ¨All you need to do is complete this form. – Саған бар керегі - мына анкетаны/ форманы толтыру/ толтырсаң болды. ¨I didn't need to go to the bank after all - Mary lent me the money. – Әрбірден кейін маған банке барып керек жоқ еді/ менің банкке баруымның керегі жоқ еді – Мәри маған қарыз берді. 3. (idm) *need (to have) your head examined (informal) «басыңды тексерту қажет», ақымақ болу B.modal verb керегі/ қажеті жоқ, онша керек/ қажет емес; керек пе, қажет пе ¨~ (not) do smth You needn't bother asking Rick - I know he's too busy. – Рикті мазаламай-ақ қой – оның қолы тимей жүргенін білемін. ¨I need hardly tell you that the work is dangerous. – Бұл жұмыстың қауіпті екенін айтпасам да білесің ғой. ¨If she wants anything, she need only ask. – Оған бірдеңе керек болса, әшейін сұрасын. ¨All you need bring are sheets. – Саған бар керегі – парақтарды әкелу. ¨~ (not) have done smth You needn't have worried - it all turned out fine. – Уайымдамай-ақ қоюың керек еді – барлығы жақсы болды. ¨Need you have paid so much? – Соншама көп төлеуің керек пе еді? C.n 1.керектік, қажеттік, керек/ қажет нәрсе, мұқтаждық, зәрулік ¨to satisfy/meet/identify a need – қажеттігін/ керек нәрсесін қанағаттандыру/ істеу/ анықтау ¨~ (for smth) There is an urgent need for qualified teachers. – Білікті мұғалімдер аса қажет болып тұр. ¨We will contact you again if the need arises. – Қажет бола қалса, сенімен/ сізбен хабарласамыз. ¨The house is in need of a thorough clean. – Үйді тап-тұйнақтай етіп тазалап шығу қажет. ¨~ (for smb/smth) to do smth There is no need for you to get up early tomorrow. – Саған таңертең(гісін) ерте тұрып керегі жоқ. ¨I had no need to open the letter - I knew what it would say. – Маған хатты ашудың керегі жоқ еді – мұнда не жазылғанын білетінмін. ¨There's no need to cry. – Өксігіңді бас. 2.қажеттік, керектік, зәрулік, мұқтаждық ¨to fulfil an emotional need – көңілін табу/ көңілін көншіту/ мауқын басу/ жұбату/ уату ¨She felt the need to talk to someone. – Ол өзінің біреумен әңгімелесуі керектігін сезді/ Ол жұртпен әңгімеге зәру екенін сезді. ¨I'm in need of some fresh air. – Біраз таза ауаға зәрумін/ Маған біраз таза ауа қажет. ¨She had no more need of me. – Оған қажет болмай қалдым. ¨It’s difficult to express our needs and desires. – Арыз-арманымызды білдіру қиын/ Неге зәру екенімізді, нені армандайтынымызды білдіру қиын. 3.керек/ қажет нәрселер, мұқтаждық ¨financial needs – керек/ қажет қаражат ¨a programme to suit your individual needs – адамның жеке талаптарын ескере әзірлеген программа ¨to meet children’s special educational needs – балалардың оқуы үшін арнайы керек/ қажет нәрселерді ескеру 4.мұқтаждық, зәрулік, қыжалат болушылық (syn: hardship) ¨The charity aims to provide assistance to people in need. – Мейірім қоры мұқтаж адамдарға көмек көрсетуді көздейді. ¨He helped me in my hour of need. – Қыжалат болған кезімде ол маған көмектесті. 5. (idm) *a crying need (for smth) бірн-е аса керек/ қажет болу, өте зәрулік ¨There is a crying need for more funds. – Қосымша қаражат өте-мөте қажет. *a friend in need (is a friend indeed) (saying) [қ-з: friend (5)] *if need be қажет/ керек болса ¨There's always food in the freezer if need be. – Керек болса, тоңазтқышта ылғи да тамақ бар.