negative [ˈneɡətɪv] A.adj 1. жаман, жағымсыз, нашар, теріс, кері (opp: positive) ¨The crisis had a negative effect on trade. – Дағдарыс саудаға кері/ теріс әсер етті. ¨The whole experience was definitely more positive than negative. – Бүткіл оқиғаның жағымсыз жақтарынан жағымды тұстары көбірек болды. 2.жақтырмайтын, күмәншіл, міншіл, теріс, жағымсыз (opp: positive) ¨Scientists have a fairly negative attitude to the theory. – Ғалымдар бұл теорияға біршама күмәнмен қарайды. ¨‘He probably won't show up.’ ‘Don't be so negative.’ – «Ол келмейтін шығар». «Соншама теріс ойламасаңшы». 3.теріс (жауап), жоқ деген (жауап) (opp: affirmative) ¨His response was negative. – Ол теріс жауап берді. ¨They received a negative reply. – Олар теріс жауап алды. 4. (грамматикада) болымсыз (құрамында ‘no’, ‘not’, ‘never’ – «жоқ», «ешқашан», тсс сөздер бар сөз тіркестері) ¨a negative form/sentence – болымсыз түр/ сөйлем 5. (abbr neg.) теріс (отрицательный, яғни, анализде белгілі бір медициналық күйдің дәлелі жоқ) (opp: positive) ¨Her pregnancy test was negative. – Оның жүктілік тексеруі теріс болып шықты/ Оны тексергенде ауыр аяқ емес болып шықты. 6. (technical) теріс (заряд) (opp: positive) ¨a negative charge/current – теріс заряд/ ток (ағын) ¨the negative terminal of a battery – батареяның теріс клеммасы 7.теріс, минус (opp: positive) ¨a negative trade balance – теріс сауда балансы B.n 1. теріс (жауап), жоқ деген (жауап) (opp: affirmative) ¨(formal) She answered in the negative. – Ол теріс жауап қатты. 2.негатив (фотопленкадағы сурет) ¨Keep the negatives in case you want more prints later. – Негативтерді сақта: кейінірек өзіңе керек болуы мүмкін. 3. теріс (отрицательный, яғни, анализде белгілі бір медициналық күйдің дәлелі жоқ) (opp: positive) C.v (formal) 1. ~ smth келісуден бас тарту, келіспеу 2. ~ smth жоққа шығару терістеу