neglect [nɪˈɡlekt] A.v 1. ~ smb/smth салақтық жасау, салғырттық жасау, самарқаулық таныту, дұрыс қарамау/ күтпеу, жауапсыз қарау, ұқыпсыз болу; елемеу, мән бермеу ¨She denies neglecting her baby. – Ол баласына салғырт/ жауапсыз қарамадым дейді. ¨The buildings had been neglected for years. – Үй-жайларға көптеген жыл ешкім қарамапты. ¨Don’t neglect your health. – Денсаулығыңа салғырт/ немқұрайды/ қалай болса солай қарама. ¨Dance has been neglected by television. – Телевизия биге онша көңіл бөлмейді/ мән бермейді. ¨She has neglected her studies. – Ол оқуларына салғырт қарап жүр/ онша көңіл бөлмеуде. 2. ~ to do smth (formal) істемеу; істеуді ұмыту (syn: omit) ¨You neglected to mention the name of your previous employer. – Бұдан бұрын қайда істегеніңді айтуды ұмытып кеттің. B.n ~ (of smth/smb) салақтық жасау(шылық), ұқыпсыздық, немқұрайдылық, самарқаулық, салғырттық, енжарлық, дұрыс қарамау/ күтпеу, жауапсыз қарау, елемеу; еленбеу, дұрыс күтілмеу ¨The law imposes penalties for the neglect of children. – Балалар дұрыс қаралмаса/ Балаларды дұрыс бағып-қақпаса, заң жүзінде айыппұл салынады. ¨The buildings are crumbling from years of neglect. – Үй-жайлар талай жыл қаралмай қаусап тұр. ¨The place smelled of decay and neglect. – Ол жер шірік пен салақтықтан сасып тұрды.