attendance [ә'tendәns] n 1.қатысу, болу ¨You have missed several ~s this term. – Бұл семестрде сен бірнеше рет сабақ жібердің. 2.қатысулар, қатысушылар, қатысатын халық ¨They are expecting a large ~ at the meeting. – Олар кездесуге көп адам қатысады деп күтуде. ¨Attendances have increased since we reduced the price of tickets. – Билеттің құнын түсіргенімізден бері келушілер саны көбейді. 3.*to be in ~ қатысу, болу, қамқор болу ¨A nurse was in constant ~. – Медбике ұдайы бақылап жүрді. ¨The President always has six bodyguards in close ~. – Президенттің жанында ылғи да алты сақшы жұп жазбай еріп жүреді. *to dance ~ көз алдында болу, жанында құрақ ұшу ¨She loves to have servants dance ~ on her. – Ол күтушілердің жанында құрақ ұшқанын қалайды.