nerve [nɜ:v] A.n 1.нерв, жүйке ¨the optic nerve - көру нерві ¨nerve cells – нерв клеткалары ¨nerve endings – нерв ұштары ¨Every nerve in her body was tense. – Денесінің әрбір жүйкесі ширығып тұрды. 2. ∼s жүйке (жүрексіну(шілік), қобалжу, уайымдау мағынасында) ¨Even after years as a singer, she still suffers from nerves before a performance. – Талай жыл әнші болса да(ғы), сахнаға шығар алдында қатты жүрексінеді. ¨I need something to calm/steady my nerves. – Маған жүрегімді орныма түсіретін/ жүйкемді басатын бірнәрсе керек. ¨Everyone’s nerves were on edge. – Бәрі де тағат таппады. ¨He lives on his nerves. – Ол ылғи уайымдап жүреді. 3.жүйке (жігер, қайрат, өжеттік, батылдық мағынасында) (syn: guts) ¨It took a lot of nerve to take the company to court. – Компанияны сотқа беру үшін көп күш-жігер қажет болды. ¨I was going to have a go at parachuting but lost my nerve at the last minute. – Парашютпен секірмек болғанмын, алайда соңғы сәтте жүйкем сыр беріп шегіндім. ¨He kept his nerve to win the final set 6-4. – Ол бар күш-жігерін жиып, соңғы сетті 6-4 есебімен ұтты. 4. (informal) дөкірлік, дөрекілік, жүгенсіздік (syn: cheek) ¨I don’t know how you have the nerve to show your face after what you said! – Деріңді деп алғаннан кейін қалай ғана былқ етпей жүзіңді көрсетіп отырсың! ¨He’s got a nerve asking us for money! – Беті бүлк етпей бізден ақша сұрауын қарашы! ¨‘Then she demanded to see the manager. What a nerve!’ – «Содан соң ол менеджерді/ басқарушыны талап етті. Мүлде бетпақ екен!» 5. (idm) *be a bag/bundle of nerves (informal) өте қобалжу/ уайымдау *brass neck/nerve [қ-з: neck (A5)] *get on smb’s nerves (informal) жүйкесіне тию, жынына тию ¨That music is starting to get on my nerves. – Мына музыка жүйкеме тие бастады. ¨It really gets on my nerves when people hang up without leaving a message. – Кім де болсын телефонды ешбір хабар қалдырмай қоя салғанда жыным келеді. *have nerves of steel «жүйкесі болаттай болу», қиын жағдайда сабыр сақтай алу *hit/touch a (raw/sensitive) nerve біреудің «жанды», ұрымтал, осал тұсына тию ¨You touched a raw nerve when you mentioned his first wife. – Оның бірінші әйелін атағанда оның жанды жеріне тиіп кеттің. *strain every nerve/sinew (to do smth) (formal) аянбай күш салу, барынша күшену ¨He strained every nerve to snatch a victory from defeat. – Ол жеңіліп тұрып, жеңісті жұлып алу үшін жанұшыра тартысты. *a war of nerves «жүйке/ нерв соғысы/ тартысы», қарсыластың мысын басуға тырысу, құтын қашыруға тырысу, психологиялық айқас B.v ~ yourself for smth/ to do smth бойына күш-жігерін жиып бірн-е істеу ¨He nerved herself to ask her out. – Ол ауыр да болса одан кетуін өтінді.