nervous [ˈnɜːvəs] adj 1.қобалжыған, алаңдаған, уайымдаған, жүрексінген (oppconfident) ¨~ (about/of smth) Consumers are very nervous about the future. – Тұтынушылар (клиенттер) алдағы уақытты ойлап өте алаңдаулы. ¨The horse may be nervous of cars. – Ат машиналардан үркетін шығар. ¨~ (about/of doing smth) He had been nervous about inviting us. – Ол бізді шақырып қобалжыды. ¨I felt really nervous before the interview. – Интервью алдында кәдімгідей қобалжыдым. ¨a nervous glance/smile/voice – қобалжи қарау/ жымию/ қобалжыған дауыс ¨By the time the police arrived, I was a nervous wreck. – Полиция келіп жеткенде құр сүлдерім ғана қалып еді. 2.нәзік, момын, жуас, үлбіреген, ілмиген ¨She was a thin, nervous girl. – Ол арық әрі ілмиген қыз еді. ¨He's not the nervous type. – Ол жуас біреу емес. ¨She was of a nervous disposition. – Ол қобалжулы күйде/ қобалжып тұр еді. 3.жүйке(ге қатысты), нерв(ке қатысты) ¨a nervous condition/ disorder/disease – жүйке/нерв аурулары/ жүйке ауытқушылығы/ ауруы ¨She was in a state of nervous exhaustion. – Ол жүйкесі қажыған күйде еді. 4. (idm) *be  frightened/nervous/scared of your own shadow өз көлеңкесінен өзі қорқу