net

net [net] A.n 1.тор, шілтер, торкөз, торлама (мата) ¨net curtains – шілтер перделер 2.ау, сүзгі (балық аулайтын); тор, торлама (бірн-ені жабатын жамылғы) ¨fishing nets – балық аулайтын аулар/ сүзгілер ¨a mosquito net – масахана/ масаға қарсы құрылған торлама 3. the ∼ тор (спортта қақпаның, тсс) ¨to kick the ball into the back of the net – допты қақпадан қисық теуіп торының арт жағын бүлк еткізу 4. the ∼ (теннистегі, тсс) тор, сетка ¨She hit her second serve straight into the net. – Ол екінші соққысын тікелей торға бағыттады. 5. the N∼ (also the ∼) (informal) = Internet 6. (idm) *cast your net wide (сөзбе-сөз: ауын кең тастау) кеңінен іздеу/ әрекет ету, түрлі жолдарды/ мүмкіндіктерді қарастыру ¨It’s worth casting your net wide when applying for your first job. – Алғаш рет жұмыс іздегенде ауды кең тастаған/ көптеген варианттарды қарастырған жөн. ¨The company іs castіng іts net wіde іn іts search for a new sales dіrector. - Компания жаңа директор табу үшін ауын кең тастауда. *slip through the net (сөзбе-сөз: аудан сытылып кету) (біреуді/ бірн-ні) таба алмау, байланыса алмау; сытылып/ қашып кету; елеусіз қалу, тсс ¨We tried to contact all former students, but one or two slipped through the net. – Бұрынғы студенттердің барлығымен хабарласпақ болғанбыз, алайда бір-екеуін таба алмадық. *spread your net (сөзбе-сөз: ауын жаю) іздеп табу үшін көптеген жолдарды/ мүмкіндіктерді қарастыру ¨They have spread their net far and wide in the search for a new team coach. – Командаға жаңа бапкер іздеп олар ауларын алысқа әрі кеңінен жайды. B.adj (BrE also nett) 1.таза табыс, нетто-табыс ¨a net profit of £500 - £500 (болатын) таза табыс ¨net income/earnings – таза кіріс/ жалақы ¨What do you earn net of tax? – Салықтан қалатын таза табысың(ыз) қанша? 2.таза салмақ, нетто-салмақ ¨450 gms net weight – таза салмағы 450 грамм 3.таза, қорытынды, соңғы, ақырғы ¨The net result is that small shopkeepers are being forced out of business. – Қорытынды нәтиже мынау: шағын дүкеншілер кәсіптен ығыстырылуда. ¨Canada is now a substantial net importer of medicines. – Қазіргі кезде Канада дәрі-дәрмекті әжептәуір көп импорттайды. ¨a net gain – таза табыс/ жетістік C.v 1. ~ smth (алым-салық төлегеннен кейін) таза табыс табу ¨The sale of paintings netted £17 000. – Картиналарды сатқаннан £17 000 таза табыс түсті. ¨The team have negotiated a sponsorship deal which should net them £30 000 over the next nine months. – Команда демеу/ спонсорлық контрактіне қол қойып, келесі тоғыз айда £30 000-нан аса таза пайда көрмек. 2. ~ smth (балық, тсс аулау үшін) ау/ сүзгі салу ¨(ауысп. мағ.) A swoop by customs officers netted a large quantity of drugs. – Кеден қызметкерлері қатаң тексергенде/ сүзіп шыққанда үлкен мөлшерде есірткі/ наркотик қолға түсті. 3. ~ smth (especially BrE) гол салу/ кіргізу (synscore) ¨He has netted 21 goals so far this season. – Ол әзірге осы маусымда 21 гол салды. 4. ~ smth тормен/ торламамен жабу ¨It is a good idea to net the strawberry plants. – Өскен бүлдіргенді/ құлпынайды торламамен жапқан жөн.