news [njuːz] n 1.жаңалық, хабар ¨What's the latest news? – Соңғы жаңалықтар қандай? ¨Have you heard the news? – Жаңалықты/ Хабарды естідің бе? ¨Pat's leaving! That's great news. – Пәт кететін болыпты! Тамаша хабар. ¨Tell me all your news. – Жаңалығыңның барлығын маған айтшы. ¨Have you had any news of Patrick? – Патриктен (еш) хабар бар ма? ¨Any news on the deal? – Контракт жайлы хабар бар ма? ¨Messengers brought news that the battle had been lost. – Шайқаста жаудың жеңгені жайлы хабаршылар айтып келді. ¨Do you want the good news or the bad news first? – Саған алдымен жақсы хабар керек пе, жоқ жаманы ма? ¨a piece/bit of news – аздаған жаңалық/ хабар ¨(informal) It's news to me. – Бұны әлі естімеппін. 2. (баспасөздегі, медиадағы) жаңалық(тар), хабар(лар) ¨national/ international news – елдегі/ халықаралық жаңалықтар ¨a news story/ item/report – жаңалықтар жайлы репортаж ¨News of a serious road accident is just coming in. – Ауыр жол апаты жайлы хабар міне келіп жатыр. ¨breaking news – шұғыл хабар ¨She is always in the news. – Ол жайлы ылғи жазып/ айтып жатады. ¨The wedding was front-page news. – Үйлену тойы (медиадағы) басты жаңалық болды. ¨(ауысп. мағ.) Pop stars are always news. – Эстрада жұлдыздары жайлы барлық жерде хабар жүреді. 3. the ∼ (телерадиодан белгілі бір уақытта берілетін) жаңалықтар ¨to listen to/watch the news – жаңалықтарды тыңдау/ көру ¨Can you put the news on? – Жаңалықтарға (арнаны) қоса ғойшы. ¨I saw it on the news. – Бұны жаңалықтардан көрдім. ¨the nine o’clock news – сағат тоғыздағы жаңалықтар 4. (idm) *be bad news (for smb/smth) «жаман хабар», жайсыз, қиын нәрсе ¨Central heating is bad news for indoor plants. – Орталық жылу жүйесі үй ішінде өсетін өсімдіктер үшін жайсыз нәрсе. *be good news (for smb/smth) «жақсы хабар», жағымды, жақсы нәрсе ¨The cut in interest rates is good news for homeowners. – Банк ставкасының азаюы үйлері барлар үшін жақсы жаңалық. *break the news (to smb) біреуге жайсыз хабарды бірінші болып айту, тіс жару *no news is good news (saying) жаңалықтың жоқтығы жақсы жаңалық