nibble [ˈnɪbl] A.v 1. (тісімен) кеміру, керту, тістелеу, тату, мүжу ¨~ smth We sat drinking wine and nibbling olives. – Шарап ішіп, зәйтүннен татып/ -ді кеміріп отырдық. ¨He nibbled her ear playfully. – Ол (жігіт) оның (қыздың) құлағын ойнап тістеледі/ кемірді. ¨~ (at/on smth) She took some cake from the tray and nibbled at it. – Ол астаудан кейк алды да кертіп/ кеміріп жей бастады. 2. ~ (at smth) «татып көру», (ұсыныс ж) сәл ойлану, көз салу ¨He nibbled at the idea, but would not make a definite decision. – Ол ұсынысты тыңдағанымен, нақты бір шешімге келмеді. 3. (phr v) *nibble away at smth мүжу, кеміру, бірте-бірте азаю, сарқу (syn: erode) ¨Inflation is nibbling away at spending power. – Инфляция қаражаттың сатып алу шамасын сарқуда. B.n 1.тістем, кемірме, кертпе, кертім ¨I took a nibble from the biscuit. – Бискуиттен бір тістем алдым/ Бискуитті бір тістедім. ¨Somebody’s had a nibble at this biscuit! – Біреу мына бискуитті тістепті! ¨I took a little nibble from one of the sandwiches. – Сәндуичтердің біреуін сәл кертіп жедім. 2. nibbles «кемірме», ұсақ-түйек азық (қақ, жаңғақ, тсс, закуска) ¨wine and nibbles – шарап және ұсақ азық/ «кемірме»