niche [niːʃ; nɪtʃ] A.n 1. (лайықты, тиісті) орын, рөл, жұмыс ¨He eventually found his niche in sports journalism. – Ол ақыры өз орнын спорт журналистикасынан тапты. 2. (business) мүмкіндік, орайлы сәт; орын ¨They spotted a niche in the market, with no serious competition. – Олар рынокта/ базарда пәлендей бәсеке жоқ орын байқады/ тапты. 3.қуыс, ойық (syn: nook) ¨The niche was just big enough to hold two small candles. – Қуыс екі май шам сыя алатындай/ сыятындай үлкен болды. ¨I found a niche in the rock and sat and watched while the sun rose and filled the valley with light. – Жартастан/ Тау беткейінен бір қуыс таптым да(ғы) сонда отырып күннің көтеріліп, алқапты шуаққа толтырғанын қарадым. 4. (biology) орын, тармақ, сала (хайуанаттар әлеміндегі жануарлардың әрқайсыларының алатын орны) ¨Within each niche, similar animals avoid competing with each other. – Әр салада ұқсас аңдар бір-бірімен таласпауға/ бәсекелеспеуге тырысады. B.adj белгілі бір топқа арналған, арнайы ¨Enthusiast markets will always exist but they are niche. – Арнайы товарлар сатылатын рыноктар арқашан бола береді, алайда олардың ауқымы қашан да тар. ¨a niche market/product – арнайы рынок/ өнім ¨the development of niche marketing – арнайы базарлардың/ рыноктардың жетілуі