night [naɪt] n 1.түн ¨These animals only come out at night. – Бұл аңдар түнде шығады. ¨They sleep by day and hunt by night. – Олар күндіз ұйықтап, түнде аң аулауға/ қорек іздеуге шығады. ¨The accident happened on Friday night. – Оқиға жұма күні түнде болған. ¨on the night of 10 January/January 10 – қаңтардың 10-ы күн(г)і/ 10-қаңтар(дағы) түнде ¨Did you hear the storm last night? – Өткен түні дауылды естідің бе? ¨I lay awake all night. – Түні бойы ояу жаттым. ¨Where did you spend the night? – Түнде қайда болдың?/ Түнді қайда өткіздің? ¨You're welcome to stay the night here. – Осында түнеп шықсаң(ыз) болады. ¨What is he doing calling at this time of night? – Осыншама түн ішінде ол неге келген/ неге телефон шалған? ¨You'll feel better after you've had a good night's sleep. – Түнде жақсы ұйықтап тұрғаннан соң сергіп қаласың(ыз). ¨The trip was for ten nights. – Он күндік / Он түнейтін саяхат еді. ¨The hotel costs €65 per person per night. – Қонақ үй әр адам үшін €65 тұрады. ¨the night train/boat/flight – түнгі поезд/ қайық/ рейс ¨Night fell. – Қараңғы болды. 2.кеш(кісін), түн ¨Let's go out on Saturday night. – Сенбі кешке бір жаққа барайық. ¨Bill's parents came for dinner last night. – Биллдің ата-анасы кеше асқа келген. ¨She doesn't like to walk home late at night. – Ол тым кеш болғанда/ түнде үйіне жаяу қайтқысы келмейді. ¨I saw her in town the other night. – Ана (бір) күні кешкісін оны қалада көрге(н)мін. ¨I'm working late tomorrow night. – Ертең түнге дейін жұмыс істеймін. 3. сауық-кеш, (көңіл көтеретін) оқиға, тсс ¨the first/opening night – алғашқы кеш/күн (пьесаның, киноның, тсс) ¨a karaoke night – караоке кеші ¨an Irish/a Scottish, etc. night – ирландия/ шотландия кеші (концерт, көңіл көтеру, тсс) 4. (idm) *dance the night away [қ-з: dance (B2)] *have an early/a late night кеш/ерте жату, ерте/кеш ұйықтау ¨I've had a lot of late nights recently. – Кейінгі кездері талай күн кеш жатып жүрдім. *have a good/ bad night түнде жақсы/ нашар ұйықтау *have a night on the tiles (BrE, informal) түннің бір уағына дейін көңіл көтеріп, қыдырып, тсс жүру *in the dead of night (BrE also at dead of night) [қ-з: dead (B3)] *it’ll be all right on the night (saying) (кейбір жайттарға қарамастан) сәтті болады, бәрі жақсы болады *morning, noon and night [қ-з: morning (3)] *night and day, day and night күні-түні, толассыз, дамылсыз ¨The machines are kept running night and day. – Жабдықтар күні-түні бір тынбады. ¨The store is open day and night. – Бұл дүкен тәулік бойы ашық. *night night (сәбилердің тілі) ‘Good night’ жақсы ұйықтаңыз(дар) ¨‘Night night, sleep tight!’ – «Жақсы ұйықтап, жақсы түс көр(іңдер)». *a night out тыста сауық-кеште, той-томалақта болу ¨They enjoy a night out occasionally. – Олар анда-санда кешке бір жаққа барып, көңіл көтеріп тұрады. *spend the night with smb a) біреумен бір жерде қону, түнеу ¨My daughter's spending the night with a friend. – Қызым досымен бір жерге барып қонуда. b) (also spend the night together) көңілдесімен, ашынасымен кездесіп түнеу, түнді бірге өткізу *the still of the night (literary) түнгі тыныштық, түндегі тыныш уақыт/ кез *things that go bump in the night (informal, humorous) қараңғыда көзге елестейтін қорқынышты нәрселер ¨There are mysterious lights in the sky and things that go bump in the night. – Аспанда бір жұмбақ жарықтар мен көзге елестейтін қорқынышты нәрселер бар.