noise [nɔɪz] n 1.шу, шуыл, дыбыс ¨a rattling noise – тарылдаған дыбыс ¨What's that noise? – Ол не шу? ¨Don't make a noise. – Шуламаң(ыз)дар. ¨They were making too much noise. – Олар тым шуылдап жатты. ¨I was woken by the noise of a car starting up. – Оталып жатқан машинаның дыбысынан оянып кеттім. ¨We had to shout above the noise of the traffic. – Көлік қозғалысының шуынан айқайлап сөйлестік. ¨to reduce noise levels – шу деңгейін азайту ¨(ауысп. мағ.) There is some noise in the data which needs to be reduced. – Деректердің ішінде керегі жоқ нәрселер бар және оларды азайту қажет. 2. (idm) *a big noise/shot/name дөкей, мықты (адам) *make a noise (about smth) (informal) қатты/ дауыстай шағымдану *make noises (about smth) (informal) a) сөз ету, дабырлау, (бір мәселені) әңгіме қылу ¨The company has been making noises about closing several factories. – Компания бірнеше заводты жабу жөнінде мәселе көтеріп жүр. b) шу шығару, шағымдану *make soothing, encouraging, reassuring, etc. noises жұбата, қоштай, сендіре, тсс сөйлеу ¨He made all the right noises at the meeting yesterday. – Кешегі жиналыста ол дұрыс сөйледі.