nonsense [ˈnɒnsns] n 1.бос сөз, құрғақ/ құры сөз, шатпақ, былшыл, көкіме, қисынсыз нәрсе (syn: rubbish) ¨Reports that he has resigned are nonsense. – Оның отставкаға кетті дегені – бос сөз. ¨You're talking nonsense! – Жоқ нәрсені шатып тұрсың(ыз)! ¨‘I won't go.’ ‘Nonsense! You must go!’ – «Кетпеймін». «Қайдағыны айтпа! Баруға тиістісің! ¨It's nonsense to say they don't care. – Олардың бізге бәрібір дегені – бос сөз. ¨The idea is an economic nonsense. – Бұл мүлде қисынсыз экономикалық жоба. ¨Ministers have dismissed the rumours of a bribery scandal as nonsense. – Парақорлық туралы өсектерді министрлер былшыл деп терістеді. ¨a book of children’s nonsense poems – балалардың шатпақ тақпақтары ¨Most of the translation he did for me was complete nonsense. – Оның мен үшін жасаған аудармаларының көбі мүлде шатпақ. 2.теріс қылық, бөтен мінез, бейбастық, есалаңдық, тәртіпсіздік ¨The new teacher won't stand for any nonsense. – Жаңа мұғалім ешбір теріс қылыққа төзбейді. ¨I can't wait for this nonsense to end so that we can all be friends again. – Мына бір бейбастық бітсе екен деймін, сосын бәріміз қайтадан достасар едік. 3. (idm) *make (a) nonsense of smth бірнәрсені келемеж ету, маңызын азайту ¨If people can bribe police officers, it makes a complete nonsense of the legal system. – Полиция қызметкерлері кісілерден пара алатын болса, онда құқық қорғау жүйесінің келемеж болғаны. ¨The unemployment figures make nonsense of talk of an economic recovery. – Жұмыссыздық көрсеткіштері экономикалық сауығу туралы әңгімені жоққа шығарады. *stuff and nonsense (old-fashioned, informal) былшыл, көкіме