nose [nəʊz] A.n 1.мұрын ¨He broke his nose in the fight. – Ол төбелесіп, мұрнын сындырды/ бұзды. ¨She wrinkled her nose in disgust. – Ол жақтырмай мұрнын тыжырайтты. ¨He pressed his nose up against the window. – Ол мұрнын терезеге басты. ¨He blew his nose. – Ол сіңбірді. ¨a blocked/runny nose – біткен/ тоқтамаған (маңқа, су аққан) мұрын ¨Stop picking your nose! – Мұрныңды шұқылай/ шұқи берме(гін)! 2. -nosed пәлен мұрынды, мұрны пәлендей ¨red-nosed – қызыл мұрын ¨large-nosed – дәу мұрын 3.тұмсық, алды жақ ¨Heat detectors are fitted in the nose of the missile. – Ыстық детекторлары/ сезгіштер ракетаның тұмсығына орнатылған. 4. a ∼ for smth «мұрны сезгіш болу», бірнәрсені табуға не аңғаруға ерекше қабілетті болу (syn: instinct) ¨As a journalist, she has always had a nose for a good story. – Журналист ретінде ол жақсы әңгімені/ хикаяны тез аңғаратын. 5.иісшіл, иісті жақсы сезетін ¨a dog with a good nose – иісшіл ит 6. (шарап ж) өзіне тән иіс (syn: bouquet) 7. (idm) *by a nose (informal) «мұрнының ұшымен», аздаған/ болмашы ¨He lost his first race by a nose but won the next three. – Ол бірінші жарысында сәл ғана қалып қалған, бірақ келесі үшеуін жеңді. ¨Glen's Diamond was declared the winner by a nose from the 11-4 favourite. – Жеңіске жету мүмкіндігі 11-4 болып саналған Гленнің Дайамондының мұрны озып, жеңімпаз атанды. *cut off your nose to spite your face (informal) біреуге ерегісемін деп өзіне жамандық жасау ¨The industry's greed means it is cutting off its nose to spite its face. – Өнеркәсіп сараң болса, өз-өзіне зиян шектіргені. ¨If you stay home because your ex-boyfriend is at the party, aren't you cutting off your nose to spite your face? – Бұрынғы жігітің сауық-кешке келді екен деп онда бармасаң – өзіңді өзің құртқаның/ сабағаның. *follow your nose «мұрныңа ілес» a) иіс шыққан жаққа жүру b) тура жүру ¨The garage is a mile ahead up the hill - just follow your nose. – Гараж бір миль алда, төбеде – тура тарта бер(іңіз). c) өз пайымымен, сезімімен әрекет ету *get up smb’s nose (BrE, informal) біреудің мазасын алу *have your nose in smth (informal) «бірнәрсеге мұрнымен шұқшию», бірнәрседен бас алмау ¨Peter always has his nose in a book. – Питер ылғи кітаптан бас алмайды. *have a nose round (BrE, informal) айналаны, төңіректі барлау, қарау; бір жерден бірнәрсе іздеу, қарау ¨I’ll have a nose round and see what I can find. – Төңіректі барлап, қолға не ілігер екенін көрейін. *it’s no skin off my, your, his, etc. nose (informal) бірнәрсеге бола пәлендей уайымдайтын ешнәрсе жоқ ¨It's no skin off my nose if she doesn't want to come. – Келгісі келмесе, бір жерім қисайып қалмайды. *keep your nose clean (informal) «мұрнын таза ұстау», қате я заңсыз нәрседен аулақ болу ¨Since leaving prison, he's managed to keep his nose clean. – Түрмеден шыққалы бері ол пәле-жаладан аулақ жүр. *keep your nose out of smth «бірнәрсеге мұрнын сұқпау», өзіне қатысты емес нәрселерге араласпау *keep your nose to the grindstone (informal) ұзақ, тынбай жұмыс істеу *lead smb by the nose [қ-з: lead 1(A9)] *look down your nose at smb/smth (informal, especially BrE) біреуге/ бірнәрсеге мұрнын шүйіре/ көйкие/ төбеден қарау (syn: look down on smb/smth) *nose to tail (BrE) көліктердің тізіле/ шұбатыла, баяу жылжуы ¨The traffic was nose to tail for miles. – Көлік қозғалысы бірнеше мильге шұбатылды. *on the nose (informal, especially NAmE) нақты, нақ, дәл, тура ¨The budget should hit the $136 billion target on the nose. – Бюджет тура $136 миллиардтық нысанаға жетті. ¨Her predictions about the company's collapse were right on the nose. – Оның компанияның күйрейтіні туралы болжамы тұп-тура келді. ¨True to his word, the detective arrived at 1:38 PM on the nose. – Өз уәдесінде тұрып, детектив дәл түскі 1.38-де келді. *pay through the nose (for smth) (informal) бірнәрсе үшін тым көп төлеу *(as) plain as a pikestaff, (as) plain as day, (as) plain as the nose on your face нақты, көпе-көрнеу, айдан анық *poke/stick your nose into smth (informal) өзінікі емес іске мұрнын сұғу, араласу ¨He’s always poking his nose into other people’s business. – Ол басқа біреулердің ісіне мұрнын сұғады да жүреді. *powder your nose (old-fashioned) «мұрнымды опалайын деп едім» (туалетке барғысы келген әйелдің сыпайы сөйлесі) ¨I'm just going to powder my nose. – Шашымды тарап келейін. *put smb’s nose out of joint (informal) біреуге дұрыстап көңіл бөлмей ренжіту, жүйкесіне тию *rub smb’s nose in it (informal) біреудің бұрынғы қатесін озбырлықпен еске сала беру *thumb your nose at smb/smth жақтырмай бас бармағымен мұрнын басу ¨The company just thumbs its nose at the legislation on pollution. – Компания айналаны ластауға қатысты заңды жақтырмауда. *turn your nose up at smth (informal) бірнәрсеге мұрнын шүйіру, жақтырмау *under smb’s nose (informal) «мұрнының астында», жақын жерде ¨I searched everywhere for the letter and it was under my nose all the time! – Хатты іздемеген жерім жоқ, сөйтсем ылғи да мұрнымның астында жатыпты! ¨The police didn't know the drugs ring was operating right under their noses. – Полиция мұрнының астында әрекет етіп жүрген есірткі саудасын байқамаған. *with your nose in the air (informal) мұрнын шүйіре, кейкие B.v 1.алға қарай баяу, бірқалыпты жылжу ¨The plane nosed down through the thick clouds. – Ұшақ қою бұлттардың арасымен алға сырғыды. ¨He nosed the boat slowly across the water. – Ол қайықты су бетімен/ айдынында алға бағыттады. ¨~ your way The taxi nosed its way back into the traffic. – Такси баяу көлік нөпіріне қайта енді. 2.тіміскілеу, іздестіру, тінту ¨Dogs nosed around in piles of refuse. – Иттер үйілген қоқыс арасында тіміскіледі. 3. (phr v) *nose about/around (for smth) тіміскілеу, іздестіру, біреу жайлы дерек, мәлімет іздеу (syn: poke about/around) ¨We found a man nosing around in our backyard. – Ауламызда тіміскілеп жүрген бір кісіні таптық. *nose smth out (informal) тіміскілеп табу ¨Reporters nosed out all the details of the affair. – Журналистер дау жайлы тіміскілеп біліп алған.