note [nəʊt] A.n 1. (қысқаша) жазба, записка ¨Please make a note of the dates. – Күндерді/ Мерзімдерді жазып/ (қағазға) түртіп ал(ыңыз). ¨She made a mental note to ask Alan about it. – Ол Аланнан осыны сұраймын деп есіна сақтап қойды. ¨Just a quick note to say thank you for a wonderful evening. – Тамаша сауық-кеш үшін рахмет айтқан бірнеше сөз/ ауыз жазба. ¨She left a note for Ben on the kitchen table. – Ол кухнядағы столға Бен үшін жазба/ записка қалдырып кетті. ¨a suicide note – өзіне қол жұмсар алдындағы хат 2. (кітаптағы, тсс) қысқаша түсініктеме, жазба ¨a new edition of ‘Hamlet’, with explanatory notes – «Гамлеттің» түсініктеме жазбалары бар кезекті баспасы ¨See note 3, page 259. – 259 беттегі 3-інші түсініктемені қараңыз. 3. ~s жазба(лар), конспект, дерек, мәлімет ¨He sat taking notes of everything that was said. – Ол айтылған әр нәрсені қағазға түртіп отырды. ¨Can I borrow your lecture notes? – Лекция конспектіңді маған бере аласың ба? ¨Patients' medical notes have gone missing. – Пациенттердің/ Науқастардың медициналық жазбалары жоғалып кетіпті. 4.қысқаша мәлімет, дерек ¨The sleeve notes include a short biography of the performers on this recording. – Осы аудиожазбаның мұқабасында орындаушылардың қысқаша өмірбаяны берілген. ¨The catalogue contains detailed notes on each painting. – Каталогта әр картина жайлы егжей-тегжейлі мәлімет бар. 5. (BrE) (also banknote especially BrE) (NAmE usually bill) банкнот, қағаз ақша ¨a £5 note - £5 (бес фунттық) банкнот ¨We only exchange notes and traveller's cheques. – Біз тек банкноттар мен жолаушы чегін айырбастаймыз. 6.муз-қ нота ¨He played the first few notes of the tune. – Ол ырғақтың алғашқы бірнеше нотасын ойнады. ¨high/low notes – жоғары/ төмен ноталар 7. ~ (of smth) белгі, тап, із, нышан (syn: air) ¨There was a note of amusement in his voice. – Даусында таңдану табы болды. ¨The year ended on an optimistic note. – Жыл жігерлі аяқталды. ¨On a more serious note …- Мәселеге дұрыстап қарасақ... ¨On a slightly different note, let’s talk about…- Әңгіме желісін сәл өзгертіп, ... жайлы айталық. 8.ресми қағаз ¨a sick note from your doctor – дәрігер беретін ауырғаны туралы бюллетень ¨The buyer has to sign a delivery note as proof of receipt. – Алғанын растау үшін сатып алушы жеткізу қағазына қол қоюы керек. ¨Students returning to school after absence must bring a note from their parents. – Сабақтан қалған балалар мектепке оралғанда ата-аналарынан хат алып келулері керек. 9. (specialist) нота (түрлі мемлекеттердің өкілдіктері арасындағы ресми хат) ¨an exchange of diplomatic notes – дипломатиялық ноталармен алмасу 10. (idm) *compare notes (with smb) (бірнәрсе жайлы) пікір алмасу, пікір салыстыру ¨We saw the play separately and compared notes afterwards. – Пьесаны бөлек көргенбіз, сосын ол жайлы пікір алмастық. *hit/strike the right/wrong note (especially BrE) дұрыс/ бұрыс (қате) әрекет ету, жазу, айту ¨The politician's speech failed to strike the right note with the crowd. – Саясаткердің сөзі жиналған жұрттың көңілінен шықпады. ¨Meg struck the right note when she wore a dark suit to the interview. – Мегтің интервьюге қаракөк костюм кигені өте дұрыс болды. *of note маңызды, елеулі ¨a scientist of note – белгілі ғалым ¨The museum contains nothing of great note. – Музейде іліп алар ешнәрсе жоқ. *sound/strike a note (of smth) сөзінде бірнәрсенің табы, белгісі болу, сөзімен бірнәрсені аңғарту ¨She sounded a note of warning in her speech. – Оның сөзінде ескерту табы аңғарылды/ байқалды. ¨The touch of cynicism struck a slightly sour note. – Кіртиген үнде цинизм табы болды. *take note (of smth) ескеру, есте ұстау ¨Take note of what he says. – Оның айтқанын есте ұстау ¨Under the new rules the penalty for illegal play is increased. Players take note. – Жаңа ереже бойынша қате ойнағаны үшін жаза өседі. Ойыншылар осыны ескерсін. B.v (rather formal) 1.байқау, ескеру, көңіл бөлу ¨~ smth Note the fine early Baroque altar inside the chapel. – Шағын шіркеу ішіндегі барокко үлгісіндегі алтарьға көңіл бөл(іңіз). ¨~ (that)… Please note (that) the office will be closed on Monday. – Офистің дүйсенбі күні жабық болатынын ескер(іңіз). ¨~ how, where, etc… Note how these animals sometimes walk with their tails up in the air. – Мына аңдардың кейде құйрығын тікірейте қалай қозғалатынына қара. ¨it is noted that… It should be noted that dissertations submitted late will not be accepted. – Кеш өткізілген диссертациялардың қабылданбайтынын ескеріңіз. 2. ~ smth | ~ that… | ~ how, where, etc… | it is noted that… айту, айтып/ атап өту ¨It is worth noting that the most successful companies had the lowest prices. – Ең табысты компаниялардың бағаларының ең арзан болғанын айтып өткен жөн. 3. (phr v) *note smth down жазып алу, қағазға түртіп алу (syn: jot) ¨The police officer noted down details of the burglary. – Полиция қызметкері үйді тонау оқиғасы жайлы тәптіштеп жазып алды.