nothing [ˈnʌθɪŋ] pron 1.ешнәрсе, ештең(к)е, ешбір ¨There was nothing in her bag. – Сумкасында ештеңе жоқ болатын. ¨There's nothing you can do to help. – Жәрдем етуге боларлық ешнәрсе жоқ. ¨The doctor said there was nothing wrong with me. – Дәрігер денсаулығымда ешбір кінәрат жоқ деді. ¨Nothing else matters to him apart from his job. – Өзінің жұмысына басқа оған ешнәрсе керегі жоқ. ¨It cost us nothing to go in. – Кіру үшін ешнәрсе төлемедік. ¨(BrE) He's five foot nothing. – Оның бойы тұп-тура бес фут. ¨‘What's that in your pocket?’ ‘Oh, nothing.’ – «Қалтаң(ыз)да не бар?» «Ешнәрсе». ¨We did nothing at the weekend. – Демалыс күндері ештеңе істемедік. 2. (idm) *be/have nothing to do with smb/smth (біреуге/ бірн-ге) еш қатысы жоқ ¨Get out! It's nothing to do with you. – Шық! Бұның саған қатысы жоқ. ¨That has nothing to do with what we're discussing. – Оның осы талқылап жатқанымызға еш қатысы жоқ. *be nothing to smb біреудің біреуге ешбір жақындығы, тсс жоқ ¨I used to love her but she's nothing to me any more. – Оны сүйгенмін, алайда қазір ол мен үшін ешкім емес. *for nothing тегін, құры (syn: free) ¨She's always trying to get something for nothing. – Ол ылғи да бірнәрсені тегін алғысы келеді. ¨All that preparation was for nothing because the visit was cancelled. – Ол дайындықтың бәрі зая кетті, себебі сапар болмай қалды. *have nothing on smb (informal) a) біреу/ бірн-е сияқты жақсы болмау ¨I'm quite a fast worker, but I've got nothing on her! – Мен әжептәуір тез істеймін, алайда одан қалып қаламын! ¨He's a good player, but he's got nothing on his brother. – Ол жақсы ойыншы, алайда бауырына жетпейді. b) біреудің кінәсін дәлелдейтін айғағы болмау *not for nothing бекерге/ текке/ босқа емес ¨Not for nothing was he called the king of rock and roll. – Оны рок-н-ролдың королі деп текке айтпаған. *nothing but тек (қана), әшейін, жай ¨Nothing but a miracle can save her now. – Оны енді тек бір ғажайып қана аман алып қала алады. ¨I want nothing but the best for my children. – Маған ешнәрсе керек емес, балаларыма жақсы болса болғаны. *nothing if not өте, аса ¨The trip was nothing if not varied. – Сапар өте қызықты болды. ¨He is nothing if not persistent. – Ол аса тегеурінді. *nothing less than дәп өзі ¨It was nothing less than a disaster. – Мынау нағыз апаттың (дәл) өзі. *nothing like (informal) мүлде, тіпті (де) ¨It looks nothing like a horse. – Бұл атқа мүлде ұқсамайды. ¨I had nothing like enough time to answer all the questions. – Барлық сұрақтарға жауап беруге жеткілікті уақытым мүлде болмады. *nothing much онша/ пәлендей көп емес ¨There's nothing much in the fridge. – Тоңазтқышта пәлендей ештеңе жоқ. ¨I got up late and did nothing much all day. – Кеш тұрып, күні бойы ешнәрсе істемедім. *(there’s) nothing to it оп-оңай ¨Learning the game is easy - there's nothing to it. – Бұл ойынды үйрену оңай – оп-оңай. *stop at nothing айтқанына/ ойындағысына жету үшін ешнәрседен тайынбайды ¨She’ll stop at nothing to make money. – Ақша табу үшін ол бәріне барады/ ешнәрседен тайынбайды. *sweet nothings ғашықтық сөздер ¨to whisper sweet nothings in somebody’s ear – біреудің құлағына ғашықтық сөздерін сыбырлау *there is/was nothing (else) for it (but to do smth) басқа жолы/ амалы болмады ¨There was nothing else for it but to resign. – Оның отставкаға кетуден басқа амалы болмады. *there is/was nothing in smth бос, құры ¨There was a rumour she was going to resign, but there was nothing in it. – Ол қызметінен кетеді деген қауесет болған, бірақ бос әңгіме болып шықты. *there’s nothing like smth бірнәрседен асқан/ жақсы ешнәрсе жоқ ¨There's nothing like a brisk walk on a cold day! – Суық күнде шапшаң жүргеннен артық ештеңе жоқ!