notice [ˈnəʊtɪs] A.n 1.назар, көңіл, қапер, ой ¨Don't take any notice of what you read in the papers. – Газеттерде жазылғандарды көңіліңе/ ойыңа алма. ¨Take no notice of what he says. – Оның сөздерін көңлің(ізг)е алма(ңыз). ¨These protests have really made the government sit up and take notice. – Осы наразылықтар/ протестер үкіметті ойландырып тастады. ¨It was Susan who brought the problem to my notice. – Мәселеге көңілімді аударған Сюзан болатын. ¨Normally, the letter would not have come to my notice. – Әдетте, бұл хат көзіме түсе/ назарыма іліге қоймас еді. ¨(formal) It will not have escaped your notice that there have been some major changes in the company. – Компанияда ірі өзгерістер болғанын міндетті түрде байқар едің(із). 2.хабарлама ¨There was a notice on the board saying the class had been cancelled. – Тақтада сабақтың болмайтыны туралы хабарлама ілініп тұрды. ¨A public notice about the planned development was pinned to the wall. – Құрылыс жобасы туралы хабарлама қабырғаға ілініп тұрды. 3.ескерту тақташасы/ белгісі ¨a notice saying ‘Keep off the Grass’ – «Көгалдың баспаңыз» деген тақташа 4. (газеттегі) хабарлама ¨notices of births, marriages and deaths – туғаны, үйленгеі, қайтыс болғаны туралы хабарламалар 5. (жиналыстың басы не аяғындағы қысқаша) хабарлама ¨There are just two notices this week. – Осы аптада тек екі хабарлама бар. 6.ескерту, хабарлау ¨You must give one month's notice. – Бір ай бұрын айтуың(ыз)/ ескертуің(із) керек. ¨Prices may be altered without notice. – Бағаларды ескертусіз өзгертуі мүмкін. ¨The bar is closed until further notice. – Бар қосымша хабарланғанға дейін жабық. ¨You are welcome to come and stay as long as you give us plenty of notice. – Алдын-ала көп бұрын ескерт те келіп, қалағаныңша тұра бер. 7. (жұмыстан, үй-жайдан кететіні туралы) ескерту хат, арыз, өтініш ¨He has handed in his notice. – Ол арызын табыс етті. ¨They gave her two weeks' notice. – Олар оған екі апта бұрын ескерту хат берді. ¨Tenants must give written notice to the landlord of their intention to move out of the property. – Жалға алушылар үй иесіне өздерінің үй-жайдан кететіні туралы жазбаша ескертуі керек. ¨Dozens of families on the estate have been given notice to quit. – Үй-жайда тұратын ондаған онбасыға үйді босату қажетті туралы хат табыс етілді. ¨500 workers have been issued with redundancy notices. – 500-ден аса жұмысшыға жұмыстан босайтыны туралы хат берілді. ¨We received an eviction notice today. – Бүгін үйді босатыңдар деген хат алдық. 8. (кітап, пьеса, тсс туралы) сын мақала¨The play got good notices in the national press. – Пьеса ұлттық баспасөзде жақсы бағалар алды. 9. (idm) *at short notice, at a moment’s notice қысқа уақыт ішінде, алдын ала ескертпей ¨This was the best room we could get at such short notice. – Бұл осыншама қысқа уақыт ішінде біз таба алған ең жақсы бөлме/ номер болды. ¨You must be ready to leave at a moment's notice. – Айтқан кезде кетуге/ аттануға дайын болуың керек. *on short notice (NAmE) = at short notice B.v 1.байқау, көру, аңғару, көзі шалу ¨People were making fun of him but he didn't seem to notice. – Жұрт оны мазақтап күледі, алайда ол аңғармайтын сияқты. ¨~ smb/smth The first thing I noticed about the room was the smell. – Бөлмеде ең әуелі сезгенім иіс болды. ¨~ (that)… I couldn’t help noticing (that) she was wearing a wig. – Оның парик киіп жүргені көзіме шалына берді. ¨~ how, what, etc… Did you notice how Rachel kept looking at her watch? – Рейчелдің (өз) сағатына қарағыштай бергенін байқадың ба? ¨~ smb/smth do smth I noticed them come in. – Олардың кіргенін көрдім/ байқадым. ¨~ smb/smth doing smth I didn't notice him leaving. – Оның кеткенін байқамадым. 2. ~ smb/smth көңіл бөлу, қарау, назар аудару ¨She wears those strange clothes just to get herself noticed. – Ол әлгі біртүрлі киімдерді жұртты қарату үшін киеді.