nourish [ˈnʌrɪʃ] v ~ smb/smth асырау, бағу, қоректендіру, азықтандыру ¨All the children were well nourished and in good physical condition. – Балалардың бәрі жақсы бағылған және ширақ болатын. ¨Most plants are nourished by water drawn up through their roots. – Өсімдіктердің көпшілігі тамырынан келетін сумен қоректенеді. ¨a lotion containing almond extract to nourish and revitalize the skin – құрамында бадам экстракті/ тұнбасы бар теріні күтіп, ширататын лосьон ¨(ауысп. мағ.) By investing in education, we nourish the talents of our children. – Оқуға/ Білімге көңіл бөле отырып, біз балалардың талантын/ қабілетін жетілдіреміз. ¨(ауысп. мағ.) There were hopes that the talks would nourish the fragile growth of good relations between the two countries. – Келіссөздер екі ел арасында баяу дамып жатқан жақсы қатынастарға дем береді деген үміттер болды.