number [ˈnʌmbə(r)] A.n 1.сан, цифр (syn: figure) ¨Think of a number and multiply it by two. – Бір санды ойла дағы/ ойлап, оны екіге көбейт. ¨a high/low number – көп/ аз сан ¨even numbers – жұп сандар ¨odd numbers – тақ сандар ¨You owe me 27 dollars? Make it 30, that's a good round number. – Маған 27 доллар қарызсың ба? 30 қыл, өйткені жақсы бүтін сан. 2. (abbr No.) (symb #) рет санын/ реттік санды көрсетеді ¨They live at number 26. – Олар 26-ншыда тұрады. ¨The song reached number 5 in the charts. – Ән чартта/ тізімде 5-інші орынға жетті. 3.телефон, счет, тсс номері/ нөмірі ¨My phone number is 266998. – Телефон номерім – 266998. ¨I'm sorry, I think you have the wrong number. – Сіздегі телефон нөмірі қате деп ойлаймын. ¨He dialled the number, then changed his mind and hung up. – Ол телефон номерін терде де, сосын айнып қоя салды. ¨What is your account number, please? – Счетыңыздың номері қандай екен? 4. ~ (of smb/smth) сан, мөлшер ¨A large number of people have applied for the job. – Бұл жұмысқа тұруға көптеген адам өтініш берді. ¨The number of homeless people has increased dramatically. – Үйсіз/ Баспанасыз адамдардың саны күрт өсіп кетті. ¨Huge numbers of animals have died. – Орасан көп аң өлді. ¨A number of problems have arisen. – Проблемалардың саны артты. ¨I could give you any number of reasons for not going. – Бармауға біршама себеп бар/ Бармағанымның біршама себебі бар. ¨We were eight in number. – Ол жерде сегізіміз болдық. ¨Nurses are leaving the profession in increasing numbers. – Мейіргерлер (медбике, медбауырлар) жұмысынан көптеп кетуде. ¨Sheer weight of numbers secured them the victory. – Сарбаздар санының көптігі жеңіске себепкер болды. ¨The course will have to be repeated owing to pressure of numbers. – Оқығысы келгендердің көптігінен курсты қайта өткізу керек. ¨staff/student numbers – қызметкер/ студент саны 5. (formal) адамдар тобы/ саны ¨one of our number – (біздің) біреуіміз ¨The prime minister is elected by MPs from among their number. – Премьер-министр болып депутаттардың біреу(с)і сайланды. 6. (BrE) сан, номер (журналдың, тсс белгілі бір айдағы, күндегі шыққан саны) (syn: issue) ¨the October number of ‘Vogue’ - ‘Vogue’-тің қазан айындағы саны 7.номер, (концерттегі) ән, тсс ¨They sang a slow romantic number. – Олар бір романтикалық номер орындады. 8. (informal) сәнді, бағалы көйлек, көлік, тсс ¨She was wearing a black velvet number. – Ол сәнді қара шибарқыт киіп жүрді. 9. (grammar) (жекеше, көпше) түр ¨The word ‘men’ is plural in number. - ‘men’ сөзі көпше түрде тұр. ¨The subject of a sentence and its verb must agree in number. – Бастауыш пен баяндауыш түр жағынан келісуі керек. 10. (idm) *by numbers нұсқауға/ ережеге/ жоспарға сай, алдын-ала ойластырылғандай ¨If we all focus and do this by the numbers, then we should have no trouble getting it finished. – Бұны айтылған(дағы)дай бұлжытпай істесек, өз уақытында қиналмай бітіруіміз керек. ¨The military strike was executed perfectly and by the numbers. – Әскери соққы мінсіз, ойластырғандай орындалды. ¨Dancing by numbers isn't good enough. You have to really feel the music. – Ережеге сай билеу онша дұрыс емес. Музыканы сезу керек. *a cushy number (BrE) [қ-з: cushy (2)] *have (got) smb’s number (informal) біреудің ішкі ойын, ниетін, тсс білу ¨He thinks he can fool me but I've got his number. – Ол менің ақымақ ете аламын деп ойлайды, алайда мен оның қыр-сырын жақсы білемін. *your number is up (informal) (өлетін, сазайын тартатын, қиналатын) уақыты келу *numbers game «санақ/ көпшілік ойыны» (істің санына көңіл бөлу) ¨MPs were playing the numbers game as the crucial vote drew closer. – Маңызды дауыс беру жақындаған сайын депутаттар санақ ойынына көшті. *your opposite number (informal) шендес/ әріптес адам, өзі сияқты қызметтегі адам ¨The Foreign Secretary is currently having talks with his opposite number in the White House. – Сыртқы істер министрі Ақ үйде өзінің әріптесімен келіссөз жүргізіп жатыр. *there’s safety in numbers (saying) бір топ болып ұйымдасу адамға сенім бітіреді *weight of numbers ұйымдасқан топтың күші ¨They won the argument by sheer weight of numbers. – Олар пікірталасты бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып ұтты. B.v 1.номермен белгілеу/ таңбалау, нөмірлеу ¨~ smth All the seats in the stadium are numbered. – Стадиондағы барлық орын номерленген/ номермен таңбаланған. ¨I couldn't work out the numbering system for the hotel rooms. – Мен қонақ үй бөлмелерінің номермен таңбалануын ұға алмадым. ¨~ smth from… to… Number the car's features from 1 to 10 according to importance. – Машинаның қасиеттерін маңызына қарай 1-ден 10-ға дейін тіз. ¨~ smth The doors were numbered 2, 4, 6 and 8. – Есіктер 2, 4, 6 және 8 деп белгіленген. 2.белгілі бір санға теңелу/ тең болу (syn: add up to something) ¨The crowd numbered more than a thousand. – Жиналған жұрттың саны мыңнан асты. ¨We numbered 20. – Біз жиырма болдық/ Біздің санымыз жиырма болатын. 3. (formal) (белгілі бір деңгейде, тсс деп) есептеу, санау, есептеліну, саналу; белгілі бір деңгейге жату ¨~ smb/smth among smth I number her among my closest friends. – Оны ең жақын достарымның қатарына қосамын. ¨~ among smth He numbers among the best classical actors in Britain. – Ол Британиядағы ең үздік классикалық актерлардың санатында/ қатарында. 4. (idm) *smb’s/smth’s days are numbered «күндері санаулы», хал үстінде не дәурені/ дәуірі өткен ¨His days as leader of the party are numbered. – Партия жетекшісі ретінде оған көп алған жоқ (яғни, көп ұзамай жетекшіліктен кетеді). ¨Whatever the protests, the school’s days are numbered and it will be closed down. - Кім қалай қарсы болса да, мектепке көп қалған жоқ, қайткенде де жабылады.